Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Ер адам шұлығы

Ер адам шұлығы

Ер адам шұлығы

Ер адамның сымбаты қандай шұлық кигеніне де байланысты. Сондықтан, еркектің шұлық таңдауға талғаммен қарағаны жөн. Әйтпесе, сіз біреудің есінде "сары шұлық киген қара бәтіңкелі жігіт" ретінде қалып қоюыңыз ғажап емес.
Ендеше, мына ережелер үнемі есіңізде жүрсін!
Бірінші ереже: шұлықтың түсі киген костюміңіздің түсіне сәйкес келіп, бәтіңкеңіздің түсінен сәл ашықтау болғаны жөн.  
Ақ түсті шұлықтар іскерлік кездесулер үшін жарамайды. Ақ шұлықты спорттық үлгіде киінгенде немесе демалысқа шыққанда киюге болады. 
Екінші ереже: шұлық қонышының ұзын болғаны жөн. Аяқтарыңызды айқастырып отырғанда, аяғыңыз шалбар ішінен жылт етіп көрініп қалмауы керек. 
Үшінші ереже: шұлықтың материалына назар салыңыз. Жібектен тігілген шұлықты тек қана фракпен (алдыңғы етегі жоқ, артқы етегі ұзын жырық еркек киімі) киеді. Шұлықтың резіңкесі аяқты қысатындай болмауы керек. Сапалы шұлықтардың резіңкелері аяқты қыспайды, сондықтан, бағасы қымбаттау болса да, сапалы шұлық сатып алғаныңыз жөн.


Шұлық зығырдан, мақтадан, жүннен және әр түрлі синтетикалық маталардан тігіледі. 
Зығырдан тігілген шұлық ылғалды жақсы сіңіреді және жууға оңай. Бұндай шұлықтардың басты кемшілігі - бағасы қымбат болады.
Мақтадан тігілген шұлық ылғалды жақсы сіңіріп, оңай жуылуымен қатар, аяққа жылу береді. Аяқ саусақтары мен табандары сырқырап ауыратын еркектер осы шұлықты аяқтарынан шешпеулері керек. Мақтадан тігілген шұлық сондай-ақ іскерлік кездесулерге киетін костюмдермен жақсы үйлеседі. Жүннен тігілген шұлықты көбіне қысқы мерзімде киеді. Бір жаманы бұндай шұлықтар ыстық температурада аяқты терлетіп, жағымсыз иістің шығуына әкеледі. 

Емдік қасиетке ие шұлықтар да бар. Олар қойдың, түйенің жүнінен тоқылады. Қазақтың түйенің, қойдың жүнін қасиетті деп санағаны да сондықтан. 

Синтетикалық материалдан тігілген шұлықтар көзге әдемі көрінгенімен, денсаулыққа зиян. Бұндай шұлықтар тез жуылып, тез кепкенімен, теріге кері әсерін тигізеді екен. 


Ер адамның шұлық таңдауына байланысты мынадай бір қызықты тұжырым бар:
-Қара түсті шұлықты оны бір айда бір рет жуатын еркектер киеді;
-Сұр немесе қызыл қоңыр шұлықты көбіне кертартпа мінезді еркектер киеді;
-Ақ шұлықты спортшылар мен бизнесмендер ұнатады;
-Ашық түсті шұлық сырттай сабырлы көрінгенімен, іштей кез келген нәрсеге баж ете қалатын сабырсыз еркектердің таңдауы;


Көктем жақындағанымен, аяз ызғары әлі де кете қоймады. Сондықтан, аяқтың жылылығы үшін шұлықты қабаттап киюдің айыбы жоқ. Дегенмен,оның да өзіндік ережесі бар екен: Алдымен жүннен тоқылған шұлық, содан кейін мақтадан тігілген шұлық, сосын барып капрон шұлық киген жөн. Жүн аяғымды қышытады дерсіз, бірақ, ол жылулықты жақсы сақтайды, ал мақтадан тігілгені аяққа массаж жасап, қанайналымды реттейді. Капрон шұлық аяқтың демалып тұруын қамтамасыз етеді. 

Енді "Шұлықты қалай жуған дұрыс?" деген сауалға келейік.  Синтетикадан тігілген шұлықтарды күн сайын сабынсыз жуып тұру керек. Табиғи материалдан тігілген шұлықтарды аптасына 2 рет жуса, жетеді. 

Сурет: livemaster.ru, js-company.ru, pervaya-cena.ru

Форумда ой өрбітейік


1568 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
18 ақпан 2012, 19:58

рахмет. массагет ер адамдарға да көңіл бөлді ғой әйтеуір :) сабынсыз жуу дегенге келіспей отырмын, сабынмен жуса?

+0
18 ақпан 2012, 21:09

Негізі шұлық жуынбайтын еді о баста, ол бір рет пайдаланатын зат қой, ол кеңес заманы кезінде шыққан, шұлық жуу, пакет жуу, киімді бояу секілді

+0
19 ақпан 2012, 19:34

Мәке қойыңыз э)))

+0
19 ақпан 2012, 23:24

жуу керек шұлықты,

+0
20 ақпан 2012, 11:14

жігіттер, ақ көйлек галстук киіп, сәнді прическа жасап, жақсы шалбар мен туфли кигеннен кейін аяқтарыңа түрлі таңбалары бар қоңыр не көк шұлық кимеңдерші!!!!!!!!!!!

+0
21 ақпан 2012, 10:43

Тоқалдарым әйтеуір күнде шұлықтарымды жуып тұрады! Оларға рахмет

+0
21 ақпан 2012, 12:01

Аманта ата сіздікі күшті екен,

+0
21 ақпан 2012, 14:33

Амантай қажыны Аманта деме? өйткені оның:
жүйкесі қажыды!

+0
21 ақпан 2012, 14:50

ой кешіріңіз, менен үлкен қателік кетті мұхиат жазбадым, тағы кешірім сүраймын Амантай Қажы. Атыңызды олай жазайын деп ойламағам абайсызда болды.

+0
22 ақпан 2012, 16:55

Сіз секілді аруды неге кешірмеске!

+0
07 шілде 2012, 02:35

kara noski :lol:

+0
21 ақпан 2015, 21:16

Барлығын жақсы жазғансыз Мейіргүл ханым.)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...