Шашы ұзын қыз

Шашы ұзын қыз

Ұзын шаш - әр арудың арманы. Шаштың ұштануы, шыдамның жетпеуі шашы ұзын қызға айналуға мүмкіндік бермей ме? Стилист мамандардың кеңестеріне жүгініп, айла әдістердің арқасында шашты ұзын қып көрсетуге болады екен.

  • Шаштаразға келесі рет барғанда шашыңызға филировка жасауын сұраңыз. Оның нәтижесінде шашыңыз сатылы болып, жұмсақ жатады. Ал сырт көзге ол бірден бірнеше сантиметрге ұзынырақ көрінеді.
  • Шашыңызға көлем беріңіз. Шаш кептірген кезде фенмен ауа ағынын жоғары қарай бағыттаңыз. Сондай-ақ шашты түзу қалдырғанша, жеңіл толқындар жасаңыз. Осылайша шашыңыз ұзынырақ болып көрінеді.
  • Шашты өргенде оған түсті таспа не орамал қосып өріңіз. Шаш түйгенде де оны әдемі орамалмен бекітсе болады. Ал шашыңыз орамалдың ұзындығындай болып көрінеді.
  • Шашыңызды ортасынан түзу бөліңіз, сонда шашыңыз симметриялы көрініп, екі жаққа бірдей болып түседі.
  • Фенді қолданғанда абай болыңыз. Оны бар күшіне қосып қолдансаңыз, шашыңыз ұштанып, түсе бастайды. Нәтижесінде бірнеше сантиметр шаш жоғалтасыз.
  • Шаш бояудан қорықпасаңыз, мелирование жасап көріңіз. Кереғар түсті шаш ұзынырақ болып көрінеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: goodfon.ru

С. А