Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шарф - Қытай жауынгерлерінен қалған мұра

Шарф - Қытай жауынгерлерінен қалған мұра

Шарф - Қытай жауынгерлерінен қалған мұра

Қаһарлы қыстың аязды күндерінде қорғанымызға айналған жылы киімдер туралы әңгіме өрбітуді жалғастырамыз. Кезек мойын орағыштарға келіп жетті. Олардың шығу тарихы, таралуы туралы деректерді оқи да, көңіліңізге тоқи да жүріңіз.

Бүгінде сіз бен біздің гардеробымыздан ойып тұрып орын алған кез келген аксессуардың өте қызықты әрі ұзақ тарихы бар. Солардың бірі – мойынорағыш немесе шарф. Ол бізді суықтан қорғап қана қоймай, сәнімізге сән қосып, стилімізді өзгерте отырып көңілімізді көтереді. Жақын адамыңызға сыйлыққа бере қалсаңыз, рақметін алып, зор қуаныш сыйлау мүмкіндігін береді. Қысқасы, шарфтың көмегімен бірталай шаруаны ақтарып тастауға болады.

Ал олардың пайда болуы мен тарихының әйелдермен ешқандай байланысы жоқ. Қадым замандарда бұл бөкебайлар жорыққа аттанатын батырлардың мойындарын орап, жылыту үшін пайда болған. Егер сізге өзіңіздің қыстыгүнгі сенімді серігіңіздің тарихы қызық болса, төмендегілерді оқып шығыңыз.

Шарф б.з.д. 260 жылдары Ежелгі Қытай жерінде пайда болған. Бұларды ең алғаш пайдаланған да Ежелгі Қытай жауынгерлері болып табылады. Олар суық пен желден қорғану үшін мойындарына қазіргі шарфтарға ұқсас маталарды орап жүретін болған деседі.

Б.з.д. 58 жылы қазіргі жылы шарфтардың ізашары пайда болды. Оларды ойлап тапқан Ежелгі Рим тұрғындары екен. Жаңадан ойап табылған киім-кешекке «focale» деген атау беріледі. Бұл аксессуар Германия мен Галияға жол тартып, мыңдаған шақырымдарды бағындырып жүрген легионер сарбаздар үшін таптырмас көмекші бола алды.

Рим империясы құлдырағаннан кейін олардың дәстүрлері мен тілдеріне ортағасырлық румын тайпалары мұрагерлік етті. Олар мойынға орайтын орамалдарды тағуды жалғастыра берді, кейіннен бұл «жақсы әдет» көрші жатқан хорватиялықтарға да «жұқты».

XIV Людовик патшаның жаны әдемілік пен ерекше дүниеге аса құштар болатын. Сондықтан ол хорваттықтар тағып жүрген бөкебайларға жоғары баға берді. Тіпті, қызыққандығы соншалықты, өзінің сарайында шарф үлгілерін жасайтын арнайы қызметшілерді тағайындап, бүкіл ақсүйектер қауымынан шарфты тағып жүруін талап етті. Көп ұзамай-ақ олар ақсүйектердің негізгі атрибуттарына айнала шықты. Осы кезде нәзік жандылардың да назары шарфтарға ауып, өздерінің гардеробтарына қоса бастады. Людовиктің сүйіктісі Луиза де Лавальер шарфты ең алғаш көбелек пішінінде мойнына орап таққан әйел заты еді.

XVII ғасырда І Петр ерекше үлгідегі орыс әскерін құрды. Оның Жауынгерлік әскері мен офицерлік әскерінің ерекшелігі – соңғыларында шарф болатын. Ең алғашқы шарфтары өздерінің туларымен түстес жібек матадан жасалынды.

1790 жылы Францияда орын алған революциядан кейін муслим матасынан тігілген крахмалды орамалдар сәнге айналды. Француздықтар әсіресе ұзын көлемдегі ақ түсті бөкебайларға ерекше құрмет көрсететін еді.

Айлар өтті, жылдар жылжыды, тіпті ғасырлар да алмасып жатты. Әңгімемізге арқау болып отырған шарфтар да түрлі өзгерістерге түсіп, әр түрлі үлгілер мен пішіндерді иемденді. Олар жасалатын материалдардың алуан түрі пайда болды. Бүгінде олар Қытай жауынгерлерінің ізімен жылыту қызметін де, Людовик патша салған сара жолмен сән аксессуарының қатарында да жүр.

Суреттер:pretty-pretties.ru,womanka.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3942 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2012, 13:20
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2012, 14:48

еее) Онда Айжан Табын Қытай жауынгерлеріне алғыс айту керек пе? :D

+0
20 желтоқсан 2012, 14:58

))) бұл да ер адамдардан алынған екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...