Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Қолыңызда қолғап бар ма?

Қолыңызда қолғап бар ма?

Қолыңызда қолғап бар ма?

Дәл қазір сықырлаған  сары аязы бар қытымыр қыс жан алқымға жармасып тұр. Барлығымыздың есімізге жанымызды емес, тәнімізді жылытар пайдалы заттар түсіп жатыр. Аз уақыттың ішінде бас киім, шәлі, қолғаптар сенімді серігімізге айнала шықты. Ендеше, бүгін қорғанымызға айналған осы бір жылы киімдер туралы әңгіме өрбіткеніміз жөн болар. Әңгіменің басын қолғаптардан бастайық! Олардың шығу тарихы, таралуы туралы деректерді оқи да, көңіліңізге тоқи да жүріңіз.

Жер бетіндегі ең алғашқы қолғаптар таңсық көрінетін: білекке байлап қоюға болатын қолға арналған шағын қапшықтар. Ғалымдар дәл осындай қолғаптар б.з.д. бірнеше мың жыл бұрын Ежелгі Египет жерінде пайда болған деседі. Кейіннен бұл қапшыққа бас бармаққа киілетін шығыңқы жер енгізіледі. Египеттіктер мұндай қолғаптармен қолдарын ластап алмас үшін жұмыс жасаған, тамақ ішкен. Бұл сөзіміздің дәлелі - археолог мамандарымыз Тутанхамон қорымынан тапқан көне биялайлар бола алады...

Ал ежелгі гректер қолғап киіп жүретін адамдарды жақтыртпай, оларға «ақсаусақ» деп баға берген. Өйткені, Балқан жерінде ауа-райы қашанда ыстық болып тұратындықтан, қолды суықтан қорғаудың еш қажеті болмады. Олар қолғапты тек жұмыс үшін пайдаланатын болған. Гомердің атақты «Одиссей» шығармасын оқыған болсаңыз, әкесі шөп отап жатқанда, Одиссейдің жанына  баратын сюжетін еске түсіріп көріңізші. Ал римдіктердің барлығы қолғап киіп жүретін болған екен. Олар қолдарын тек қана суық пен кірден ғана емес, ыстық тамақтан да қорғайтын. Матасы қатты қолғаптармен ыстық тамақты алып жеу өте ыңғайлы еді, өйткені ол кезде ас-үй жабдықтары мүлде болмады.

Ортағасырларда қолғапқа деген сұраныс одан сайын арта түсті. Сол кездердегі ауқатты адамдар мен ақсүйектер барлық саусаққа киілетін қолғаптар киді. Ал ел билеушілер мен олардың отбасы мүшелері күмістен, алтыннан немесе бағалы тастардан жасалған қолғаптарды тастамайтын еді. Бірақ сарбаздар мен аңшылар бас бармаққа ғана киілетін биялайларды пайдаланатын.

Тарихшылар қолғап кию мәдениеті Орта ғасырлардың аяғында, яғни олар пайдалы заттан сән үшін киілетін аксессуарға айнала бастаған сәттен бастап пайда болды дегенді айтады. Ең бастысы қолғап – биліктің нышанына айналды. Епископтарға қызметіне кіріспес бұрын қолғап берілетін, ал батырларға дәреже берілгенде тағы да қолғап тарту етілетін болған. Салық жинаушылар патша берген қолғаппен ақша жинайтын болса, соттар өз қызметіне арнайы қолғаптарын киген соң барып кірісетін еді.

Егер жігіт келесі бір азаматтың бетіне қолғап лақтырар болса, соңы дуэльге алып баратын сұмдық қорлық болатын. Ал әйел адам ер азаматқа қолғап сыйлайтын болса, шексіз сенім мен ерекше сүйіспеншіліктің нышанын білдірген. Қолғапты қабыл алған жігіт қызды өмір бойы қорғап өтуі тиіс.

ХІІ ғасырда Еуропада «қолғапшы» деген арнайы мамандық пайда болды. Және бұл кәсіптің мәртебесі өте жоғары еді. Ол кездерде қолғап пішіп, оны безендіре білу кез келгеннің қолынан келе бермеген.

Қайта өрлеу дәуірі ештеңені өзгерте алмады. Қолғаптар баз-баяғыдай аса сәнді қымбат аксессуар болып қала берді. Оларды зығыр матадан, жібектен тігіп, алтынмен, меруертпен, күміспен безендіретін. ХV ғасырда қолғапқа әтір сеуіп жүру дәстүрі қалыптасты. Мұны енгізген атақты Екатерина Медичи. Осы жылдары Леонардо де Винчи жүзуге арналған ескекаяқ іспеттес жаңа қолғап үлгісін ойлап тапты.

• XVI ғасырда бүгінге дейін жалғасып келе жатқан: қолғаппен амандаспау, жаназаға бармау, мерекелік іс-шараға қатыспау, шіркеуге кірмеу сынды ережелер енгізілді.


• Қысқа жеңді көйлектер қолданысқа ене салысымен әйелдерге арналған қолғаптардың ұзындықтары күрт өсе түсті. Қағида: неғұрлым жең қысқа болса, қолғап соғұрлым ұзын болуы керек.

• 1807 жылы ағылшын Джеймс Винтер ойлап тапқан былғары тігетін машина қолғапшылардың жұмысын жеңілдете түсті. Осы сәттен бастап қолғапты ауа-райына байланысты кию дәстүрі біржола қалыптасты. Әйелдердің қуанышында шек болмады десек, артық айтқандық емес. Олар жазды күндері киюге болатын саусақсыз немесе тордан тігілген қолғаптарды бір елі тастамайтын болды. Ал қыстыгүні жылу беретін қолғаптар нәзік жандылардың сенімді серіктеріне айналды.


• ХІХ ғасырда театрға қолғапсыз бара қалатын болсаңыз, елдің бәрі назарларын сізге аударып, өсекке көміліп қалар едіңіз.

• ХХ ғасыр бәрін өз орнына қойды. Әйелдердің ең сәнді қолғаптары – ешкі, еркектердікі – шошқа терісінен жасалғандары болса, спорттық қолғап үшін ит терісі пайдаланылды.

• Жоғарыдағы сәнді қолғаптарға деген орасан қызығушылық  өткен ғасырдың ортасына дейін жалғасты. Сара Бернар, Вивьен Ли, Одри Хепберн және Мэрлин Монро сынды жұлдыздар мұндай қолғаптардың соңғы қожайындары еді...

Жазбаны оқып отырып, заманауи өмір - қолғап тарихындағы кереметтей тарихты, тарих бойындағы романтиканың қаймағын бұзып алды, біз бүгінде оларды суықтан қорғаушы ретінде ғана пайдаланамыз деуіңіз мүмкін. Бұл - «сұлуынан жылуы» деген қағиданы ұстанатындардың пікірі ғана деп қабылдауымыз керек. Ал сән беталысын қалт жібермейтін адамдар қолғаптың баяғы мәртебесін ешқашан түсірген емес.

Суреттер:beauty-s.ru,saransk.mor.slando.ru, russian.alibaba.com,umdakrasa.ru

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева

6661 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 12:38
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 14:27

Ех қолғапсыз қазір жүре алмас ек иа, күн суық қой

+0
20 желтоқсан 2012, 03:04

Мына суықта өте қажет дүние

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...