Қыстағы аяқ күтімі

Қыстағы аяқ күтімі

Қыста жабық аяқ киім киетіндіктен, аяқтарымызды ешкім көрмейді-ау деп оған қажетті күтім көрсетпейміз. Көктемде аяқтарыңыздың жағдайынан шошымайын десеңіз, қазірден бастап аяққа көңіл бөліп, "қыстық" күтім көрсетіңіз.

  • Қыстық аяқ киімді мұқият таңдаңыз. Ол ыңғайлы, аяқты қыспайтын болуы керек. Сонда аяғыңыз да зақымданбайды.
  • Аяқ киіміңіз табиғи былғарыдан болмаса, табиғи материалдан жасалған ұлтарақ салып не мақталы шұлық киіңіз. Табиғи маталар теріңізге дем алуға мүмкіндік беріп, артық терлетпейді.
  • Қыста аяқтарыңыз шамадан артық терлейтін болса, аяқтарыңызды суық сумен шаюды әдетке айналдырыңыз. Ол аяқтың терлегенін басады.
  • Суға түскен сайын кеуектаспен аяқты қырып жүріңіз. Оның алдында 5-10 минут аяқты суға жібітуді ұмытпаңыз. Осылайша аяқ терісін зақымдаулардан сақтайсыз.
  • Осындай дауадан кейін аяққа құрамында Е дәрумені бар крем жағыңыз. Ол теріні сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтайды.
  • Педикюр жасағанда ерекше мұқият болыңыз. 
  • Апта сайын аяққа арналған маскалар жасап тұрыңыз. Мысалға құрамында Е дәрумені бар косметикалық майды аяққа жағып, сыртынан шұлық киіп жатыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: dourody.pl

С. А