Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Сымбат. Бес минутта макияж жасаңыз.

Сымбат. Бес минутта макияж жасаңыз.

Сымбат. Бес минутта макияж жасаңыз.

Қыздар, таңертең университетке жиналып, тезірек бояну керек болса, мына бейнебаянға назар аударыңыздар. Сіздер үшін күнделікті өмірге сай, табиғи, көзге түспейтін, бірақ әдемілігіңізді еселендіре түсетін мэйкапты қарастыруға тырыстық.

Ең әуелі көзіңіздің астындағы қарайғанды білдіртпеу үшін корректор жағамыз. Сонымен қатар, мұрын аумағындағы қара мен қызыл дақтарды жасыруға арналған реңк беруші кремді пайдаланамыз.

Бейнебаянда беттегі макияжды толықтыру үшін пудра қолданбаған екен, ал егер сізге қажет болса үстінен пудра жағып алсаңыз да болады.

Енді, қасыңызға аса мән беріңіз. Өйткені қас беттің ажарын ашады. Оны арнайы қас бояуымен бояймыз.

Көздеріңіз жарқырап тұрсын десеңіз, қабақ бояуының астына жағылатын арнайы сұйықтықты пайдаланыңыз.

Қабақтың үстіне ашық түсті бояу жағамыз. Содан соң, қоңырқай түстес бояумен қабақтың жанынан бояп, қарайтамыз.

Кірпіктің дәл үстінен сүрмемен, немесе арнайы қарындашпен мұқият сызып шығамыз.

Кірпіктерімізді бояймыз және бетке реңк беретін еңлік жағамыз.

Ерінімізді аса көзге түспейтін, солғын қызыл далаппен бояп, макияжды толықтырамыз.

Міне, макияж дайын. Қыздар, әрдайым сұлу да, тартымды болып жүріңіздер. Ең бірінші сыртқы сұлулық, кейін ғана жан сұлулығы көзге түсетінін ұмытпаңыздар.

Сурет: http://juztoday.com

28454 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 09 ақпан 2012, 16:00
Пікірлер
+0
09 ақпан 2012, 16:34

Жақсы екен!

+0
09 ақпан 2012, 16:37

Арнайы кисточкалар алу керек болды. )

+0
24 ақпан 2012, 08:56

Бетіндегі кемшілікті жасыру дей ме? Қазақ қыздарының табиғи сұлулығы жоқ болғаны ма сонда? Мұның бәрі әдемі емес қыздардың көзбояушылығы гой! Әй сырты бүтін- іші түтін қыздар-ай!

+0
09 ақпан 2012, 17:05

меніңше, бес минуттан көп кететін секілді )

+0
09 ақпан 2012, 17:15

Иә, оның үстіне мына қыздың қолдары жып-жып етіп, әбден машықтанып алған-ау деймін))

+0
09 ақпан 2012, 17:13

Күнделікті болмаса да, анда-санда осылай боянып тұруға болады екен.

+0
09 ақпан 2012, 17:54

Мен боянсам 30-40 минут кетеді. Тез боянуды үйрене алмадым. Асығып бара жатсам тіпті боянбай шыға саламын, қиын емес)))))

+0
24 ақпан 2012, 09:08

Боянбайтын, табиғи сұлулығын мақтан ететін қызды ӘДЕПТі ҚЫЗ деп білемін!

+0
09 ақпан 2012, 17:58

Бұндай тонна краска жаққанша, свежий болып жүрген артық емес пе... Мен тональный кремді қолдансам, тезірек жуып тастағым кеп жүерді(((( кожа не дышит

+0
09 ақпан 2012, 18:07

иә, мен де солай)

+0
09 ақпан 2012, 18:21

маған 5 минут жетіп жатыр...бірақ мұнандай көп бояу жақпаймын....тек көзімді ғана....

+0
19 ақпан 2012, 21:48

мен алдымен бетке чистая линияның күндізге арналған кремін жағып аламын да, кірпігімді бояймын, сосын ерніме жылтырақ аздап жағамын, болғаны осы ))

+0
24 ақпан 2012, 09:11

Сен қыз өзің әдемі секілдісің, бірақ боянатыныңа қарағанда бетіңде кемшілік бар ғой деймін!

+0
09 ақпан 2012, 23:59

Жаксы екен. Алайда кунде осылай бояу жагатын болсан сумдыкко. Канша тонна краска керек болады.

+0
11 ақпан 2012, 17:29

бес минутта үлгеру мүмкін емес секілді...

+0
14 ақпан 2012, 22:09

менинше жазда осы краскадан терлеп журесин. оданша тек козди және ерінді гана бояса жеткілікті. Көп краска қызды үлкен әйелдер сияқты көрсетеді.

+0
19 ақпан 2012, 21:49

жазда керісінше бетке кремдер жаққа дұрыс, сонда бетің терісі сыртқы атмосфералық әсерлерден бұзылмайды

+0
19 ақпан 2012, 21:46

менде таксиде кетіп бара жатып бояну, жұмыстың қажетханасында шұғыл түрде бояну деген әдетке айналған, кейде 5 минутқа да жеткізбей боянамын )))

+0
19 ақпан 2012, 22:16

Менде де сондай әдет бар))

+0
24 ақпан 2012, 08:46

Бояну - әдемі емес қыздардың өздерін әдемі етіп көрсетуі, әйтеуір көзбояушылық қой түкке тұрғысыз! Өзіне сенімді қыз табиғи сұлулығымен-ақ кез-келген жігітті өзіне қарата алады!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...