Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Қыстағы шаш күтімі туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қыстағы шаш күтімі туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қыстағы шаш күтімі туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қыста бас киіммен жүргендіктен, шаш басылып, тез майлана бастайды. Шашқа қажетті күтім жасалмаса, ол оның саулығына өз әсерін береді. Олар құрғақ, сынғыш әрі күңгірт бола түседі. Қыстағы шаш күтімі жайлы не білу керек?

Қыста қандай сусабын таңдау керек?

Қыста шаш бірнеше факторға байланысты ерекше күтімді қажет етеді. Суық ауа ылғалдың жылдам булануына ықпал етеді, ал олсыз шаш өте құрғақ болып кетеді. Яғни, шашқа қосымша күтім мен ылғал қажет. Оған қоса, қыста бас киім киіп жүреміз, ол статикалық электр туғызады. Содан шаш зақымдалып, сынғыш бола түседі. Сонымен қатар, біз даладан жылы ғимаратқа кіргенде бас терісі температура өзгерісі себебінен майды белсенді бөле бастайды. Сондықтан, дұрыс тазалау өте маңызды. Егер бұрыннан қолданып жүрген құралдарыңыз көңіліңізден шықса, қыста оны өзгертудің қажеті жоқ. Бастысы, қосымша маска сияқты құнарландыратын процедуралар жасау керек.

Қыста шаш жуу ережесі өзгере ме?

Қыста қыздардың көпшілігі шаштарын жиі жуады, себебі sebum (тері майы) белсенді бөлінеді. Сол үшін шаш жылдам жеңілдігі мен балғындығын жоғалтады. Сарапшылар өз әдеттеріңізді түбегейлі өзгертуді сұрамайды. Шашты ыстық сумен жумаған жөн. Қыста шашты жылы сумен жуыңыз. Тарақты және бас киімді уақытылы жуып тұруды ұмытпаңыз. Қыста далаға шашты жуып, кептірген соң ең аз дегенде 40 минут өткен соң шығыңыз.

Бальзам немесе кондиционер қолданбау шашқа қаншалықты әсер етеді?

Әсіресе, қыста шашқа бальзам немесе кондиционер өте қажет. Егер шашыңызбен еш проблема болмаса және арнайы күтімді қажет етпесе, сусабын мен бальзам бір құралға біріктірілген түрін алуға болады. Алайда ондай құралдарды барынша аз алып, екі деңгейден тұратын толыққанды күтім жасаған жөн: алдымен сусабынмен жуып, содан соң бальзам немесе кондиционер жағыңыз.

Қыздар шаш жууда жиі қандай қателіктер жібереді?

Шашты ыстық сумен жуады, сусабынды және басқа да қосымша құралдарды толықтай шаймайды, қатты сығады, шашты жуу кезінде және сүлгімен сүрту кезінде қатты уқалайды. Сонымен қатар, шашты су күйінде тарайды.

Шаш майлана берсе, күнде жууға бола ма?

Егер шаш жиі жууды қажет етсе, оны күнде болса да жууға болады. Әр әйелдің шашы және бас терісі әртүрлі болғандықтан, барлығына арналған ортақ ереже жоқ. Балғындығын жылдам жоғалтатын шашқа арналған формуласы жеңіл және жиі қолдануға арналған арнайы құралдар бар. Егер шашыңыз майлы болса, шаш түбін жақсылап жуып, су температурасын түсіріңіз. Құрғақ сусабын шашты жумай-ақ күтімді көрсетуге арналған ыңғайлы құрал болғанымен, оны жиі қолданбаған жөн.

Майлы шашқа арналған маска

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 11 қаңтар, 15:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.