Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шашты құбыр суымен жууға бола ма?

Шашты құбыр суымен жууға бола ма?

Шашты құбыр суымен жууға бола ма?

Құбырдан ағатын суды күнделікті қолданамыз. Жуынатын, шомылатын, ыдыс жуатын да су сол. Алайда құбырмен үйімізге ағып келген су расында таза ма? Онымен жуынуға болады ма?

Құбыр суы тазалану барысында талай рет сүзгіден өтіп, химиялық тазаруға ұшырайды. Нәтижесінде құбыр суы шаш пен теріге жаман әсер етеді. Құбыр суының теріс әсерінен сақтану шараларын қолға алыңыз.

Судың тұздылығын анықтаңыз

Құбыр суының зиян болуы оның тұздылығына байланысты. Тазалау барысында су көптеген химиялық қосылыстармен әрекетке түседі. Соңында суда артық тұздар қалып қоюы мүмкін. Суыңызды тексеріп көріңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Су құйылған стақанда ақ дақтар қала ма?

Шәйнектің ішінде қақ бола ма?

Ыдысты шайғаннан кейін ақ іздер қала ма?

Қайнаған судың бетінде ақшыл дақтар көріне ме?

Осы сұрақтардың көбісіне "Иә" деп жауап берсеңіз, демек сіздің үйіңіздегі құбыр суының артық тұздары бар.

Құбыр суының шашқа әсері қандай?

Құбыр суына шомылғаннан кейін бас терісі құрғап, қышып, тіпті қайызғақ пайда бола алады. Бұл бас терісінің қорғаныс қабатының бұзылғандығын көрсетеді. Құбыр суы әсерінен шаш құрғап, әлсіз болады, ұштануы да мүмкін.

Қорғану әдістері:

  • Шашқа арналған арнайы бальзамдар мен қоректендіргіш маскаларды қолдануды ұмытпаңыз. Олар судың жаман әсерінен шашты сауықтырады.
  • Сусабындардың арасынан ылғалдандыратын түрлерін таңдаңыз. Шашқа арналған майларды да қолданып көріңіз. Осылайша барынша шашты құрғаудан сақтайсыз.
  • Шашты құбыр суымен емес, таза сумен жууға тырысыңз. Құбыр суын қайнатып, не сүзгіден өткізіп, шашыңызды қорықпастан жуыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: uspeikupit.ru

7425 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 қараша 2012, 15:54
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 16:05

Шәйнегім неге қақтана береді десееем... :roll:

+0
07 қараша 2012, 16:10

Құбыр суын қайнатып, қайнаған сумен жуыңыз. :D

+0
07 қараша 2012, 16:10

Ерінемін шашты басқа суға жууға, дегенмен керек екен...

+0
07 қараша 2012, 16:15

ойаа шаш дегенің бір бітпейтін проблема....

+0
07 қараша 2012, 16:24

ой, ұлдар мұздай сумен де жуып кете береді гой. Тіпті, кейбір жігіттерге шампунь да керек емес. Кір сабын болса болғаны :lol:

+0
07 қараша 2012, 18:27

Тассаймен жуып отырсаң иә :D

+0
08 қараша 2012, 02:18

құдықтың суына жумағасын, иә? десем, иә? :D . бірақ біздікіндей елді-мекендерде су талғап жататын жай қайдаааа

+0
08 қараша 2012, 09:23

Суға көп назар аудармай жуа береміз ғой, тұз хлор болса да

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...