Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шаштаразға бармай тұрып...білген жөн!

Шаштаразға бармай тұрып...білген жөн!

Шаштаразға бармай тұрып...білген жөн!

 Адам ағзасында шаштың өзіндік алатын орны бар. Олар басқа дене мүшелерімен тең дәрежеде айналаңдағы өткен оқиғалардың бәріне дерлік атсалысады. Сол себепті, адамның көңіл-күйіне байланысты шаштың түсі де өзгеріске ұшырап отырады. Айталық, жан-дүниеңізде көңілсіздік орнаған немесе науқастанған кездері - көмескіленіп, жұқара бастайды, ал күйзелісте жүрсеңіз - шашыңыздың түсуі жиілейді. Сонымен қатар, адамның шашына Айдың - оның фазалары мен циклдерінің де тигізер әсері бар екен. Осыған байланысты, шаштаразға барып, шаш қидыратын күндерді де жұлдызнамалық жорамалдарға жүгіне отыра, реттеуге болатын көрінеді. Айтқандай, өз шашыңыз арқылы ғарышпен байланыста боласыз, атқарған істеріңізден-ақ көзге түсетін, сізге күш беретін күн мен айдың энергиясын қабылдайсыз, сол себепті шашыңызға немқұрайлы қарауға болмайды.

 Тіпті беліңізге дейін түсетін ұзын шашты қолдасаңыз да, бәрібір ұштарын үнемі қиып отырған абзал, өйткені, шаштың ұштарында өміріңіздің көлеңке тұстарынан арылуға мүмкіндік бермейтін жағымсыз энергия жиналады екен. Тек, есіңізде болсын, өз шашыңызды өзіңіз қимаңыз!  Егер қиятындай жағдай туып жатса, онда сіз жаңағы айтқан жағымсыз энергиядан арылудың орнына, керісінше өн-бойыңызға қайта қабылдайды екенсіз.

Әркез шаштараздан шыққан кезде, бірден өңіңіздің кіргенін байқайсыз. Дегенмен, шаш қиятын күнге де назар аударған жөн.  Қалыптасқан үрдіс бойынша, ай толысқан шақтарды таңдаған дұрыс екен. Неге? Сол күндері қиылған шаш тезірек өседі, түсуі азаяды. Алайда, күнді таңдай отырып, Айдың шоқжұлдыз белгілеріне байланысты қозғалуына да көңіл аударыңыз:

Айдың «Арыстан» белгісінде жатуы – шаш қиюға ең қолайлы кезең. Көңіл–күйіңіз де жадыраңқы жүреді. Тіпті шаштараз шеберінің  жіберген олқылық тұстарына да кешіріммен қарайтын боласыз. Шаш үлгісінің жаңаруы да сәтті шығады, шашыңыз бояуды жақсы қабылдайды;  Тағы бір қолайлы күн - Айдың «Бикеш» белгісінде болғаны. Қиылған шашыңыз ұзақ уақытқа дейін қалпын сақтайды; Ал, Таразы белгісінде, күніңізді барлық косметикалық процедураларға арнауыңызға болады.  Яғни, тек шаштаразбен шектелмей, басқа да сұлулық салоны мамандарына баруды ұмытпаңыз; «Балық» шоқжұлдызы белгісінде абай болыңыз. Алайда, шашыңыз дұрыс қиылмай қалуы мүмкін деген қауіп емес, өзіңіздің сол мезгілдерде тым сезімтал кейіпте жүретініңізге назар аударыңыз. Сол себепті, кез келген бір кемшін тұстар көңіл-күйіңізге кері әсер етуі әбден мүмкін. Яғни,осы күні өз көңіл-күйіңізге байланысты шаштаразға барғаныңыз жөн - егер таңертеңнен өзіңізді жақсы сезінсеңіз,онда жаңа шаш үлгісі де сәтті шығары сөзсіз; Айдың «Тоқты» белгісіндегі күндері шаштаразға бармағаныңыз абзал. Бұл кезеңде сіздің ішкі жан-дүниеңіз әлденеге алаңдаулы,әрі сабырсыз кейіпте жүреді. Шаштараз шеберлері де адам баласы ғой, дәл сіздің  энергияңызды қабылдап, неғұрлым сіз сияқты шыдамсыздық танытқан клиентінен құтылуға асығары хақ. Ал асығыс біткен істің қорытындысы әрдайым көңілден шыға бермесін жадыңыздан шығармаңыз;     

Қосымша:

Егер шашыңыздың баяу өскенін қаласаңыз, ай ескірген уақытты таңдаңыз. Ал шебердің «қолы жеңіл» болса, тіпті оған қарамастан,жылдам өсуі де мүмкін. Дегенмен де, тым қысқа шаш үлгісін қолданатын немесе шаштың ағарғанын көрсетпей түбін бояп отыратын жандарға құлаққағыс.

Айтпақшы, өз шаштараз шеберіңіздің де шоқжұлдыз белгісіне назар аударғаныңыз жөн. Егер ұзақ уақыт бойы бір адамға ғана қидырып отырсаңыз, 98% көрсеткіш қорытындысында, араларыңыздағы астрологиялық тұрғыдағы сәйкестікті көрсетеді екен. Сол себепті, қолайлы күнді ғана таңдап қоймай, «дұрыс» шебер де таңдай біліңіз!

 P.S. Менің жұмыс орнымыздағы әріптес қыз-келіншектер осындай жорамалдарға сеніммен қарап, шаш қию кезеңдері көрсетілген газет-жорналдарды сатып алып, бір-бірімен бөлісіп жатады. Сол себепті, оқырмандарымның ішінде де табылып қалар деген оймен, мәтінді әзірледім. Ал өз басым, тұрақты баратын шаштараз шеберім болса да, жұлдыз-жорамалға жүгініп көрмеппін. Кім біледі енді... 

Автор: Тоты Атышева

Семей қаласы

Сурет: bboldino.ru

11832 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 04 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
04 ақпан 2012, 12:19

"Естімеген елде көп" деген, мына қызықты қараңыз... Тоты апайдың арқасында енді шашымды ай толысқан күні қидыратын боламын!

+0
04 ақпан 2012, 12:29

Мен шашымды тез өсірмейтін күні қидыртуым керек ))

+0
04 ақпан 2012, 21:47

Тоты сізге үлкен рахмет!

+0
25 наурыз 2012, 21:46

эхх :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...