Тері туралы теріс ойлар

Тері туралы теріс ойлар

Көпшіліктің аузында жүрген тері түрлі қаншама көзқарас бар. Солардың кейбіреулеріне сенбегеніңіз жөн.

Тәтті, майлы, зиян тағамға "жоқ" деген кезде, теріңіз жайнап шыға келеді.

Әрине тәтті, майлы, қуырылған, жалпы зиян тағам денеміздің саулығына зардап тигізеді. Алайда беттегі ұшық пен безеулерді тек диетамен кетіру мүмкін емес.

Безеулер тек жас кезде шығып, уақытпен өтеді.

Бет терісіндегі безеулер 40 жасқа дейін шыға береді. Бұның себептері түрлі болуы мүмкін: эндокринді жүйенің жұмысының бұзылуы, кейбір дәрілерді шамадан тыс ішу, ауыр жұмыс, сапасыз косметиканы қолдану және т.б. Сондықтан безеулер "уақыт өте кетеді" деп жүру дұрыс емес.

Косметологтың тері тазарту дауасы безеулерден құтқарады.

Кәсіби косметологтың теріні терең тазарту дауасы безеулермен біржолата қош айтысуға әсерін тигізбейді. Алайда косметикалық тазарту теріні терең тазартып, жағдайын жақсартады.

Безеулерден ағзаны тазарту арқылы құтылуға болады

Бұл да қате тұжырым екен. Ағзаны тазартудың терінің тазаруына тигізер әсері аз. Безеулердің пайда болуының басты себептері: тұқым қуалаушылық пен ағзадағы гормондар үйлесімінің бұзылуы. Әрине дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты теріге әсер етіп, денсаулығыңызды жақсартады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kasjauns.lv

С. А