Көз терісі әжімдерінің алдын алу

Көз терісі әжімдерінің алдын алу

Жас кезде әжімдер туралы ойлану керек пе? Әрине, әжімдердің алдын алып, профилактикалық дауаларды жасасаңыз, олардан ұзақ жылдарға сақтана аласыз. 

Көз маңындағы тері май бездеріне тапшы, сол себепті ол жеңіл зақымдана алады. Сондай-ақ көз терісі күніне мыңдаған қимыл жасайды. Осыған қоса, күннің әсері, экология, салауатты өмір салтын ұстанбау әжімдердің уақыттан бұрын пайда болуына әсер ете алады.

Бұл күресте сіздің басты қаруыңыз маскалар болмақ. Маска таңдағанда 3 қасиетке көңіл бөліңіз. 

  1. Теріңіздің кемшіліктері. Терең әжімдер, көз астындағы қүңгірт дақтар, көздің ісуі және т.б.
  2. Жасыңыз. 20 жасты қыздарға антиэйдж маскалары, не ботокс эффектісі бар маска келмесі анық.
  3. Ыңғайлылығы. Біреуге крем сияқты масканы жағу, басқаға артынан жуылатын маскалар ыңғайлы болады. Өзіңізге сай түрін таңдаңыз.

Көз маңындағы теріге маска жасаудың да ережелері бар. Оларды қатаң сақтасаңыз, масканың әсерін тезірек байқай аласыз.

  1. Маска жақпас бұрын, теріңіздегі макияжды жақсылап жуып тастаңыз. Макияж қалдықтары масканың әсерін бәсеңдете алады.
  2. Масканың алдында арнайы бет массажын жасаса болады. Саусақтарыңызбен көз айналасын ақырындап басып қойыңыз.
  3. Көз терісіне арналған маскалар 5-10 минут тұруы тиіс. Оны пайдасы тиер деп, уақытынан ұзағырақ қалдырмаңыз. Көз терісі өте нәзік болғандықтан, бұндай дауа пайдалы емес, зиян болуы мүмкін.
  4. Көзіңіздің астында күңгірт дақтар пайда болып, жалпы көз ісуі сіз үшін жиі көрініске айналса, құрамында кофеин, жасыл шай бар маска іздеңіз. Олар көз терісіндегі микроциркуляцияны қалпына келтіреді.
  5. Ылғалдандырғыш маска қажет болса, құрамында коллаген, эластин, гиалурон қышқылы бар түрлерін таңдаңыз.
  6. Жас теріге алое, бамбук экстракттары, С дәрумені бар маскалар жақсы болады.
  7. Масканың әсерін жылу жоғарылата алады. Көз терісіне арналған масканы суға түскеннен кейін, жылы ваннада отырып жасаңыз.
  8. Масканың теріге сіңбеген қалдықтарын жұмсақ лосьонмен алып тастаңыз.
  9. Көз терісіне арналған маскаларды апта сайын қолданыңыз.
  10. Маска көзіңіздің терісіне жақпаса, оны лақтыруға асықпаңыз. Бұл масканы ерінге қолдануға әбден болады. Ерін терісі көз маңындағы терідей нәзік, құрғақ келеді. Оны 10 минутқа ерінге жағып, артығын сулықпен сүртіп тастаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: anidream.net

С. А