Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасында мимикалық әжімдер ерте пайда болады. Жастайынан көз айналасындағы теріні күтіп, әжімдердің алдын ала білу ләзім. Қолдан жасалған маскалардың бір ерекшелігі, құрамына қосылатын ингредиенттердің сапасына сенімді бола аласыз. Сіздерге бірнеше маскалардың жасалуымен таныстырмақпыз:

Ақжелкен маскасы. 1 кішігірім ақжелкен шоғырын ұсақтап турап, 1 ас қасық қаймақпен араластырасыз. Түзелген қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Ақжелкен маскасы теріні құнарландырып, ұсақ әжімдерді жазады.

Жүзім маскасы. Бірнеше жүзім жидегін езіп, суын мақта сулығымен көз айналасындағы теріге жағады. 20 минуттан кейін жуып тастасаңыз болады немесе жатар алдында жағып, түнге қалдырсаңыз да болады. Осылайша, теріге табиғи құнарлы заттар сіңеді, ал бұл әжімдердің пайда болуының алдын алады.

Балдан жасалатын маска. 1 шай қасық балды жұмыртқаның сарысымен араластырып, бірнеше тамшы зәйтүн майын қосыңыз. Алынған қоспаны көзіңіздің айналасына жағыңыз. 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Шипалы шөптерден жасалатын тұнба. 1 шай қасық кептірілген жөке, түймедақ, қырмызы мен көктікенді араластырып, 3 стақан ыстық су құйыңыз. Жарты сағаттан кейін көз айналасына арналған компресс жасайсыз. Бұны күнделікті жатарда жасауға болады. Бұл көздің ісігенін басып, құнарландырады.

Сурет: krasimglaza.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

50967 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 қазан 2012, 13:59
Пікірлер
+0
18 қазан 2012, 14:02

балдан жасап көрмесем

+0
18 қазан 2012, 14:23

көзінің айналасында күлген сәтте әжім көп болатындар ақкөңіл болады дейтін еді.

+0
18 қазан 2012, 17:37

Әпкеме бермесем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...