Тап-таза күлкінің сырлары

Тап-таза күлкінің сырлары

Табиғаттан тісіңіздің түсі жарқыраған аппақ болмаса, қапаланбаңыз. Тісті ақ қылып көрсететін мынандай сиқырларды білсеңіз, жарқыраған күлкімен баршаны таң қалдырасыз.

Қола түсті опа 


Жұқа қабатпен қола түстес опаны бет терісіне түгел не тек шығыңқы жерлеріне жағыңыз. Опа әсерінен теріңіз күнге күйгендей болып, ал тісіңіз ағырақ көрінеді. 

Тіске арналған жіп 

Тамақ ішіп болғаннан кейін әр кез тіске арналған жіп қолдансаңыз, тістердің арасында тұрып қалған тағам қалдықтарынан уақытылы арыласыз.

Қызыл далап

Суық түсті далап көзге тістеріңізді ағырақ етіп көрсетеді. Ерінге тегіс жататын, қызыл түсті далапты таңдаған дұрыс.

Жемістер

Маңызды кездесуге бара жатып, түскі астан кейін тісіңізді шаймағаныңыз еске түссе, қол астында тіс щеткасы тұрмақ, сағыз да болмаса, сізге бар болғаны қатты бір жеміс жеу керек. Мысалға алма ауыздағы жайсыз сезімнен арылтып, тістің бетін қышқылымен шаяды. Осылайша күлкіңіз жарқырай түседі.

Түтікшемен ішіңіз

Тәтті газдалған сусындарды, шырынды, басқа да "түсті" сусындарды түтікшемен ішуге тырысыңыз. Сұйықтық тіске түспей, түсін өзгертпейді.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А