Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Өмір сүру тәртібі теріге қалай әсер етеді?

Өмір сүру тәртібі теріге қалай әсер етеді?

Өмір сүру тәртібі теріге қалай әсер етеді?

Терінің құрғап кетуі, майлануы, қабыршақтануы, безеулердің, қара нүктелердің пайда болуы, әжімдер - бұның бәрі сіздің күнделікті өмір тәртібіңіздің салдары болуы мүмкін. Өмір сүру тәртібі теріге қалай әсер ете алады?

Егер сіз отырыстар, би кештер, таңға дейінгі сауық кештерінде жиі қонақ болсаңыз.

  • Теріңіз құрғақ, тіпті кейбір жерлерде қабыршақтанып кеткен, бет терісінде әжімдер пайда бола бастады ма? Көздің астында күңгірт дақтар да үйреншікті жағдай болса, дабыл қағыңыз. Бұның бәрі ұйқыңыз қанбайтындықтын, теріге ылғал жетіспеушіліктің, терінің бояудан шаршағандығының белгісі. 
  • Теріні қалпына келтіру үшін, күніне бірнеше рет ылғалдандыратын гипоаллергенді кремді қолданыңыз. Кофе мен энергетикалық сусындарды кәдімгі сумен алмастырыңыз. Ал көз астындағы күңгірт дақтарды шай қалташалары немесе қияр тілімдері құтқара алады.

Егер сіз жұмысқа қатты беріліп, мансабыңызды бәрінен де жоғары қойсаңыз.

  • Сізде безеулер жиі пайда болады. Бұның себебі жиі қолданылатын телефон болуы мүмкін. Сондай-ақ кеңседе орын алатын стрестік жағдайлар да тері жағдайына әсер ете алады.
  • Сіздің дауаңыз - ұйқы. Жұмыстан шаршап келсеңіз, үй шаруалары немесе достармен отырысқа жоқ деп, дем алыңыз. Ұйықтар алдында макияжды жақсылап жуып, теріге қосымша күтім көрсетіңіз. 

Егер күніңіз далада өтсе.

  • Теріңіз күнге тез күйіп, түсін өзгертеді. Бетіңізде әжімдер көбейіп, теріңіз құрғап кетеді. Уақытыңыздың басым бөлігін далада өткізсеңіз, теріңіз күннің әсерінен ерте қартая бастайды.
  • SPF көрсеткіші жоғары, ылғалдандыратын, күннен қорғайтын кремді күнделікті қолдануыңыз керек. Сондай-ақ құрамында А дәрумені және альфа-гидроксольді қышқылдары бар кремді таңдаған жөн, олар теріні ерте қартаюдан сақтайды.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: missmedia.ru

1023 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 12 қазан 2012, 13:01
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 13:57

бәрі де өмірге әсер етеді. Ең бастысы, салауатты өмір салтын ұстану. әй бірақ... :)

+0
12 қазан 2012, 14:57

Құрғап кетеді жиі)

+0
12 қазан 2012, 15:02

маған сол ұйқы аздық етіп жүр) Кеш қайтып, ерте барамын.

+0
12 қазан 2012, 15:23

Ұйқы керк маған да, сенбі шіркін қайдасың?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...