Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Бірге арықтайық

Бірге арықтайық

Бірге арықтайық

Massaget.kz сайты науқан жариялайды. Дене бітімін артық салмақтан арылтқысы келетін жандардан сүйінші сұраймыз! Психологтардың айтуынша, топпен бірге немесе біреумен бәстесіп арықтай бастаған адам диетасын соңына дейін бұзбай, бірден жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Сондықтан, төмендегі диетаны сақтай отырып, бізбен бірге арықтаңыз. 

Арулардың басым бөлігі толықтап кетуден қорқып, өмір бойы өз дене бітіміне көңілдері толмайды. Әр түрлі күрделі диета ұстап, денсаулықтарына ауыр нұқсан келтіріп жатады. Ешбір дәрігер аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін емдәмді құптамайтыны туралы жазған болатынбыз. Ендеше, өзіміз тексеріп, оң нәтижеге қол жеткізген, жеңіл әрі денсаулыққа зияны жоқ диета түрін назарларыңызға ұсынамыз.

  • Алдымен, өзіңізді арықтаймын деп психологиялық тұрғыдан дайындаңыз. (Ас үй бөлмесінде отыратын орындығыңызға «диета» деп жазылған қағаз жайып қоюға да болады). Өз ойыңыздағы дене бітіміңізді көз алдыңызға елестетіңіз.
  • Қазіргі өлшемдеріңізді жазып қойыңыз (бел, төс, бөксе, аяқ-қол). Бұл соңғы нәтижені салыстыру үшін қажет.
  • Енді күн тәртібіңізді қайта қараңыз. Таңмен ерте тұрып, кем дегенде 15 минут таза ауада жүгіріңіз. Бұл - күні бойы сергек болуыңыздың кепілі. Жүгіруден келіп, шайнек қойып, өзі пісе беретін таңғы асты отқа қойып (суға пісірілген жұмыртқа, пакеттелген ботқа), өзіңіз душ қабылдап алыңыз.
  • Асықпай таңғы асты тоя жеңіз. Таңмен тамаққа еш шектеу жоқ: міндетті түрде нан, сары май, ботқа. Бұдан ешқашан семірмейсіз. Керісінше, таңғы ас кешке дейін ағзаңызға күш-қуат беріп, күндіз сізді ашықтырмайды.
  • Таңертеңнен кешкі 17:00-ге дейін 2 л. тазартылған бірақ қайнамаған су ішіңіз (шай, сорпа, шырындарды есептемегенде). Су ағзаны жақсы тазартады, теріңіздің ылғалдылығын қамтамасыз етеді.  Бірақ кешкі 17:00-ден кейін су ішуге болмайды: бүйрегіңізге ауыр болады.
  • Шамамен сағат 10:30-11:00-лерде жеңіл тіскебасармен ауқаттанып алыңыз. Мысалы, жеміс-жидек, ірімшік, жаңғақ, айран, йогурт, т.б. Бұл түскі аста артық тамақ жемеу үшін қажет.
  • Түскі асты уақытынан кешіктірмей, сағат 13:00-14:00 аралығында ішкен абзал. Ыстық тамақтан әдетте жейтін порцияңыздың жартысын алыңыз. Сонымен қатар, мәзірге кішкене салат (майонезсіз болғаны дұрыс), бір тілім қара нан, шай не шырын кіреді.
  • Мүмкіндік болса, түскі астан кейін, таза ауада 10-15 минут серуендеп алыңыз. Бұл тамағыңыздың жақсы қорытылуына көмектеседі.
  • Түс қайта сағат шамамен 15:00-де тағы тіскебасармен ауқаттанып алыңыз.
  •  Кешкі тағамыңызды әдетте нешеде ішесіз? Иә, қарбалас өмірден кешкі асымыз кейде түнгі 10:00-ге дейін шегеріліп жатады. Дегенмен, өз денсаулығыңызды бағалап, өзіңізді сыйласаңыз, әдемі дене бітіміне қол жеткізгіңіз келсе, кешкі асты кешкі 18:00-ге дейін қабылдаңыз. Кешкі мәзір де жарты порциялы ыстық тағам, жеңіл салаттан және сусыннан тұрады. Балмен немесе кептірілген өрік, мейіз, құрма тістеп, шай ішіңіз.
  •  Кешке қарныңыз қатты ашса да, аузыңызға бір түйір тамақ салмауға тырысыңыз. Есесіне, келесі күні таңғы асыңызды аңсап, таңмен қиналмай ерте тұрасыз.
  •  Жатарда жеңіл жаттығу жасаңыз. Мысалы: шалқаңыздан жатып, аяғыңызды  еденге перпендикуляр етіп көтеріп, қайшы және велосипед жаттығуларын кезектестіріп жасаңыз.

  

Басында 25-25-тен, кейін 50-50-ден, және әрі қарай жаттығу санын көбейтіп отырсаңыз, жақсы әсерін тез байқайсыз. Одан кейін аяғыңызды түсіріп, енді, денеңізбен аяғыңызға дейін тартылып (арқаңызды тік ұстауға тырысыңыз), пресіңізді жаттықтырыңыз.

Бұл жаттығуды былай күрделендіруге болады: аяғыңызды бүгіп, оң шынтағыңызбен сол тізеңізге, сол шынтағыңызбен оң тізеңізге кезекпе-кезек тартыласыз.

Диетаның артықшылығы: күнделікті жеп жүрген тамағыңыздан бас тартпайсыз, тек  мөлшерін азайтасыз. Өзіңіздің жеңілдігіңізді алғашқы 4-5 күн ішінде сезе бастайсыз.

Айта кетерлігі, нәтижеге асықпаңыз. Кешенді арықтаудың арқасында, денсаулығыңызға зиян келтірмей, ұзаққа салмақ тастай аласыз. Тағамыңызда түрлі дәруменге бай, жергілікті, маусымдық азықты пайдалану өте маңызды.

Емдәмді 1 ай ұстау қажет. Біздің кеңесімізге құлақ асып, арықтаймын дегендер, форумда өз ойыңызды, қосымша сауалдарыңызды жаза отырыңыз. Науқанға қатысатындар қазіргі дене өлшемдерін, диетадан әсерлерін, аралық нәтижелерін жазып, фотосын салып отырса игі болар еді.

Ендеше сәттілік тілейміз!

Бұл диета асыра семіздікке шалдыққандарға көмектеспеуі мүмкін. Себебі, үлкен салмақ іш құрылысы ауруларынан туындайды. Яғни, алдымен дәрігерге көрініп, емделу қажет.     

Суреттер pohudeniegifts.drbm.cc, newsby.org, bigworldclub.com, sun-hands.ru сайттарынан алынған

25995 8
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 30 қаңтар 2012, 14:00
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2012, 16:46

Арықтаудыі денсаулыққа кері әсерін тигізбейтін жолы осы болса керек

+0
30 қаңтар 2012, 16:50

маған қажет екен :) рахмет

+0
30 қаңтар 2012, 22:44

айтпақшы, мен уайымға салынсам болды, дереу арықтап кетемін. :(

+0
31 қаңтар 2012, 00:35

Арықтаймын деущілерге бодифлекс таптырмас ем! Күнделікті 20 минут уақыт, бір ай өткенде 5кг-ға дейін тастауға болады. Мынаны мен пайдаланбасам, жүгірем чтоли?)))

+0
31 қаңтар 2012, 14:33

Мен осы диетаны ұстануға тырысамын!

+0
31 қаңтар 2012, 14:48

Ал онда форумда нәтижелерін күтеміз.

+0
12 ақпан 2012, 16:28

ой, мен салмақпен күресіп қалған адаммын, әбден үйреніп алдым, толып кетуім өте тез ) сондықтан үнемі диетадамын десем де болады) бірақ қызығушылығымда бір нәрсені жеуге деген аз ше(

+0
14 ақпан 2012, 11:20

төөөө қыздар арықтап қайтесіндер....фигураң оншшша емес болады ғой!қайта семіріңдер,бастықтың әйелі сияқты болееп жүресіндер!еркек семірсе есек әйел семірсе төсек!жайылған төсектей болеееп күйеулеріңнін қасында жатпайсындар ма??)))))))))))))))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...