Іш бұлшықетін шынықтыру пайдасы

Іш бұлшықетін шынықтыру пайдасы

Ішті қатайтып, бұлшықетті шынықтыру. Жастар арасында бұл тақырып ең өзекті. Ер жігіттер үшін маңызды саналатын бұлшықет шынықтыру, қыздар үшін де маңызы бар болғанымен, қыздар қауымын алаңдатар сұрақ «қыздарға қатты әрі тегіс іш не береді?» Болмыс-бітімнен бөлек оның берер пайдасы қандай? Аталмыш мақалада бұл жайлы толығырақ баяндайтын боламыз.

1. Сыртқы келбет. Жіңішке бел қашанда сәннен қалған емес, қалмайды да. Әйел сұлулығы мен әсемдігі жинақы іштен басталмайды ма? ?Тартылған іш артық майларды жасырып, сымбатыңды арттыра түседі. Бүйіріңізден май шығып тұрса аяғыңыз арық, көркіңіз келісті болғанынан не пайда? Ал егер ішіңіз тартылған, жинақы, қатты, тегіс болса болмысыңыздағы басқа кемшіліктер байқалмай да қалады. Үлкен-үлкен текшелердің қыздарға қажеті де жоқ, десе де, майға айналмас үшін бұлшықетіңізді шынықтырыңыз (пресс жасау).

2. Болмыс-бітім сымбаты. Сымбатты көріну үшін корсет киіп, белдік тағылған шалбар киюдің қажеті жоқ. Бұлшықет шынықтырып, тамақ ішу режиміңізді қадағаласаңыз болғаны, сымбатыңыз көз тартарлықтай болады.

3. Дертке профилактика. Дене шынықтырумен айналысу аурудың алдын-алар таптырмас әдіс. Ал пресс шынықтыру ішек-қарын, гастрит, асқазан, бауыр, өт ауруларына ем. Пресс жаттығулары мен дұрыс дем алу ішкі ағзада кислород жетісуін қадағалайды, сонымен қатар, ішкі органның барлық функцияларын жақсартады.

4. Тәбеттің жоғалуы. Бұлшықеттің шынығуынан іш қатайып, ас ішкенде іштің созылуынан сақтайды, осылайша адам тез тояды. Ал бұл арықтауға алып келетін таптырмас мүмкіндік.

5. Тегіс және қатты болып бұлшықеттің қатаюы, іш қысымын сақтап, дем алуға әсер етеді. Іш бұлшықеті дем алу процессіне қатысады да артериальді қысымды түсіруге тигізер көмегі мол.

6. Иықты тік ұстау да осыдан қалыптасады. Біз отырғанда немесе жүргенде, бұлшықет денені вертикальді формада ұстап тұруға көмектеседі. Ал бұлшықеттің шынығуынан омыртқа жетіледі.

www.anabol.kz

А. Оралқызы