Dior ең нәзік лак-далап ұсынды

Dior ең нәзік лак-далап ұсынды
Фото: dior.com

Бұл жолы далапты таныстыру Голливудтың қаламақысы жоғары жұлдыздарының бірі Дженнифер Лоуренске ("Голодные игры", "Пассажиры") бұйырды. Жаңа далапты косметика ұсынушылар Addict Lacquer Stick деп атаған. Себебі атауына үңілсек, далап лак тектес әрі ыңғайлы қаптамада жасалған.

Далап реңктерінің нәзіктігіне қарамастан, құрамы ерінді қорғайтын құнарлы бальзамнан құралады. Сонымен қатар, бұл бальзам ерінге нәзіктік береді.

Ерінге арналған жылтыр лакты жасау Dior сән үйі макияж бөлімінің директоры Питер Филлипстің идеясы екен. Тұтынушы нәзік жандылардың сұранысын толық қанағаттандырған туынды сыртқы қаптамасымен де ерекшеленіп тұр.

18 реңк 4 түс тобына бөлінген: пастель, классикалық, неон және wild. Соңғы топ күн шұғыласына бөленген жағалауға арналған. 

Г. Берік