Тай диетасы: мінсіз мүсін, қуатты иммунитет, әдемі ажар

Тай диетасы: мінсіз мүсін, қуатты иммунитет, әдемі ажар
Фото: savvystews.com

Көпшілікке кеңінен танылған диета түрлерінің бірі – тай диетасы. Ол тек артық салмақтан арылтып қана қоймай, ағзаның жалпы жағдайын да жақсартады. Бар-жоғы екі аптаның ішінде иммунитетіңізді көтеріп, тіпті терінің жайы да оңала түспек. 

Тай диетасының мәзірі 

Бірінші күн. 

Таңертең: қантсыз қара кофе; 

Түсте: суға пісірілген 2 жұмыртқа, буға пісірілген көкөністер; 

Кешке: буға пісірілген балық, теңіз орамжапырағы. 

Екінші күн. 

Таңертең: қантсыз кофе, бір жапырақ қара нан; 

Түсте: буға не суға пісірілген қызыл балық, зәйтүн майымен араластырылған орамжапырақ салаты. 

Кешке: суда пісірілген 200 г майсыз сиыр еті, майсыз (майлылығы төмен) айран. 

Үшінші күн. 

Таңертең: 1 кесе көк шай; 

Түсте: 1 шикі жұмыртқа, лимон шырыны қосылған шикі сәбізден салат; 

Кешке: алма (мөлшерін өзіңіз білесіз). 

Төртінші күн. 

Таңертең: қантсыз кофе; 

Түсте: тауық сорпасынан суп-пюре, алма; 

Кешке: суда пісірілген 2 жұмыртқа, суда пісірілген 200 г майсыз сиыр еті, көкөніс салаты. 

Бесінші күн. 

Таңертең: лимон шырыны қосылған шикі сәбізден салат; 

Түсте: буға пісірілген балық, томат шырыны; 

Кешке: буға не суға пісірілген қызыл балық, зәйтүн майымен араластырылған орамжапырақ салаты. 

Алтыншы күн. 

Таңертең: қантсыз көк шай; 

Түсте: суда пісірілген тауық еті, зәйтүн майымен араластырылған қызанақ салаты; 

Кешке: суда пісірілген 2 жұмыртқа, көкөніс шырыны. 

Жетінші күн. 

Таңертең: қантсыз көк шай; 

Түсте: суда пісірілген 200 г сиыр еті, ананас; 

Кешке: суда пісірілген 500 г тауық еті, теңіз орамжапырағы. 

Бір аптадан кейін-ақ нәтиже анық байқалатын болады. Мұндай диетамен күніне 700-800 г артық салмақтан арыласыз. Жылдам арықтағысы келетіндер үшін бұл – таптырмас диета. Кез келген диета кезінде күнделікті ішетін сұйықтықтың мөлшерін 2 литрден асыруға болмайтынын ұмытпаңыз. 

Дереккөз: anabol.kz 

Ж. Жұмағұлов