Тушь сақтау сырлары

Тушь сақтау сырлары

Мамандардың айтуынша, кірпік бояуға арналған тушьтің қақпағы ашылғаннан кейінгі ғұмыры - 4-ақ ай. Жаңа тушіңіз одан да ұзақ сізге қызмет жасасын десеңіз, мына кеңестерді біліп жүріңіз.

  • Кірпік бояғанда тушьтің жаққышын түтікке бірнеше рет салмаңыз. Себебі тушь сауытына ауа кіріп кетіп, артынан микробтардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Жаққышқа көбірек бояу жабыссын десеңіз, тушьті сауытына салып, айналдырыңыз.
  • Жаққышта артық бояу қалса, оны түтіктің шетіне сүртпей, абайлап қағаз майлығымен сүртіп тастаңыз.
  • Кірпіктеріңізді бояп тұрған сәтте түтікшені саусақпен жауып тұруды ұмытпаңыз. Осылайша түтікке артық ауаның, шаң-тозаңның кіруінен сақтайсыз.
  • Бояу жақсы жатсын десеңіз, алдын ала тушь сауытын қолыңызбен не суда жылытып алыңыз.
  • Кірпіктеріңізде түйіршіктер қалып жатса, жаққышты қағаз майлығымен сүртуді әдетке айналдырыңыз.
  • Тушьқа су, май, басқа да еріткіш заттарды қоспаңыз. Бұл көзіңізде аллергия қоздыруы мүмкін. Тушь құрғап кетсе, оны лақтыруға тура келеді.
  • Тушьті жуынатын бөлмеден, батареялардан, шамнан алыс сақтаңыз.

Міне, осындай оңай кеңестерді орындап жүрсеңіз, тушь өмірін тағы да бір-екі айға ұзарта аласыз. Есіңізде болсын, тушьтің иісі шығып, түйіршіктеніп, құрғап жатса, демек, оның уақыты келді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: melon-panda.livejournal.com

С. А