Арықтау: бөлшектік тәртіппен тамақтану

Арықтау: бөлшектік тәртіппен тамақтану
Фото: www.natue.com.br

Бөлшектік тәртіппен тамақтану — артық салмақтан арылтып қана қоймай, денсаулықты жақсартуға да көмектеседі.

Бөлшектік тәртіппен тамақтану қағидалары:

– Бұл диетаның басты ережелерінің бірі — әр 2-3 сағат сайын тамақтану;
– Тамақ үлесі көп болмауы керек, яғни тамақтану үлесіңіз 1 стақанға сыйуы қажет;
– Күніне 5-8 рет тамақ ішу керек. Ол негізгі (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) және жеңіл-желпі тамақтанудан тұрады;
– Тамақтанудың үшеуінде ыстық тамақ болуы керек;
– Таңғы ас ең тойымдысы болуы керек және ол күрделі көмірсулардан (мысалы, ботқа) тұруы қажет;
– Тамақтың калориясын есептеп жүру маңызды, бір күнде 1600 калориядан (әйелдер үшін) артық тамақ жемеген жөн;
– Қантсыз су мен шайды шектеусіз мөлшерде қолдануға болады;
– Тамаққа тәбетіңіз болмаса да тамақтану жүйесін қатаң сақтау қажет;
Кешкі аста ыстық тамақ болғаны дұрыс. Етті тағамдар немесе бұқтырылған көкөністер жеңіз;
– Негізгі тамақтанудың арасындағы жеңіл-желпі тамақтар көкөністер, жемістер, дәнді нан, майсыз сүзбе, сұлы жармасы және табиғи йогурттан тұра алады. Негізгі тамақтану арасында кофе, тәттілер, шоколад, жаңғақтар, фаст-фуд қолданбаған жөн, себебі олардың калориясы көп, майлы және қантты;
– Тәуліктік астың үлесі ағзаға қажетті дәрумендерден, ақуыздардан, майдан, көмірсулардан және басқа да пайдалы заттардан тұруы керек;
– Бөлшектік тәртіппен тамақтануды демалыс күндерден бастаған жөн;
– Бір күн бұрын ертеңге арналған мәзірді, олардың арасындағы уақытты және тамақтың калориясын есептеп қойған дұрыс;
– Егер адам күнделікті үш рет тамақтану арасында қарны ашпаса, онда бөлшектік тәртіппен тамақтану ол үшін артық болады;
– Бөлшектік тәртіппен тамақтану жылдам артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға келмейді. Бұл диета ұзақ уақытқа есептелгенмен, тұрақты нәтижесімен қуантады;
– Ағзаға артық салмақтан арылуға көмектесу үшін және денені қалыпта ұстау үшін бөлшектік тәртіппен тамақтануды физикалық жаттығулармен үйлестіре білу керек;
– Етті шикі көкөністермен (әсіресе, жасыл түсті көкөністермен) бірге қолдану ұсынылады. Көкөністің мөлшері еттің көлемінен 3 есе артық болуы керек;
– Артық салмақпен күресуде тәттіден толықтай бас тарту міндетті емес. Күніне бір рет зефир немесе мармелад жеуге рұқсат етіледі.

Бөлшектік тәртіппен тамақтануды спортпен үйлестіру керектігін ұмытпайық. Физикалық жаттығулармен айналысып және жиі-жиі аздап тамақтана отырып, дене пішініңізді 3 апта көлемінде қалпына келтіруге болады. Диетологтардың айтуынша, бөлшектік тәртіппен тамақтанудың арқасында кез келген әйел адам аптасына 3 килограмм артық салмақтан арыла алады. Қарныңыз ашпай, диетасыз, тек тамақтану тәртібін қатаң ұстанып және аптасына бірнеше рет қана спортпен айналысып, жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

А. Жапатова