Үй жағдайында әжімге қарсы лифтинг жасау

Үй жағдайында әжімге қарсы лифтинг жасау
Фото: cosmo.ru

Үй жағдайында бетке лифтинг жасаудың бірнеше әдістері бар. Бүгінгі материалдан оларды қалай қолдану және қандай нәтиже күту керектігі туралы білесіздер.

1-әдіс. Лифтинг маскалар

Жасарудың ең қолжетімді әдісі — маскалар қолдану. Жақсы нәтижеге жету үшін оларды уақытылы курспен қолданған жөн. Мысалы, бір ай бойы аптасына 1-2 рет маска жасау. Үш ай өткен соң курсты қайтадан қайталау керек. Төменде теріні берік етіп, оны тарттырып және ұсақ әжімдерді кетіретін бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз:

Ақуызды маска. Бір жұмыртқаның ақуызын араластырып көпіртіңіз, оған жарты лимон сығындысын қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Теріге жағып, 10-15 минут шамасында ұстап, содан соң жуып тастаңыз. Егер теріңіз өте құрғақ болса, бұл масканы жасамаған абзал.
Аскөк пен сұлы маскасы. Аскөкті ұсақтап тураңыз, оны бір уыс сұлы жармасымен және 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырыңыз. Бет терісіне жағып, 15 минут шамасында ұстаңыз.
Ақ балшық маскасы. 2 қасық ақ балшықты (дәріханаларда сатылады) 1 ас қасық жаңа дайындалған жүзім сығындысымен араластырыңыз. Оған 1 тамшы Е дәруменін тамызып, бет терісінде 15 минут ұстаңыз.

2-әдіс. Массаж

Маскалардың әсерін күшейту үшін қол немесе ваккумдық массаждың қарапайым техникалары көмектеседі. Жас ерекшелігінің көрінетін өзгерістерін күтудің қажеті жоқ. Массажды әжімдерді алдын алу мақсатында жасай берген жөн. Массаж көмегімен бет терісінен токсиндерді шығарып, оны иілімді етуге болады. Бетке арналған массаждармен қатар, вакуумдық массажды да көріңіз. Оны арнайы құтылардың көмегімен жасайды. Вакуумдық массажды үй жағдайында жасар алдында косметолог маманымен ақылдасқаныңыз жөн.

3-әдіс. Арнайы аппараттар

Қарапайым массаждармен, маскалармен қоса, үй жағдайында бет терісіне күтім жасауға арналған, жасартатын әсері бар RF-лифтинг (радиожиілікті лифтинг) аппараттары да бар. Қазіргі кезде сұлулық салондарынан кем нәтиже бермейтін, үй жағдайында қолданылатын аппараттар көптеп шығарылып жүр. Радиотолқындар көмегімен аппарат теріге жылы эффект беріп, соның себебінен коллаген синтезі жоғарылап, тері жасарады. Бұл әдіс қанмен қамтамасыз етуді жылдамдатып, коллаген талшықтарын жаңартуға көмектеседі. Үй жағдайында кез келген аппаратты қолданар алдында міндетті түрде маманмен ақылдасқан жөн.

Әрине, жоғарыда айтылған барлық әдісті қолдансаңыз да қартаюды толықтай тоқтату мүмкін емес, алайда оны баяулатуға болады.

А. Жапатова