Артық салмақтың себебі мен салдары #2

Артық салмақтың себебі мен салдары #2
Фото: gbtn.ru

Достарыңыздың, таныстарыңыздың арасында арығы да, толығы да «арықтауым керек» деген бір жырды қайталай беретінін жиі байқайтын боларсыз. Әсіресе, қыздардың басты мәселесі – арықтау. Қай-қай нәрседе де шешім қабылдамай тұрып, туындау себебін анықтап алған ұтылмайды.

 

Мына суреттен өз мүсініңізге ұқсайтынын тауып, нөміріне сәйкес себебі мен салдарын оқыңыз.

БАСЫ

4. Метаболизмдік үйлесімсіздік.
Семірудің бұл түріне шалдыққандар майды құрсақ қуысына жинайды да, тыныс алуда қиналады.

Шешімі: Ең алдымен ішімдіктен үзілді-кесілді тиылыуыңыз керек. Одан кейін, әдеттегі тізім бойынша: таңертең жаттығу жасау, аптасына 1-2 рет спортзалға бару, жаңа диета. Өсімдіктерді көп жеуге тырысыңыз.

5. Күре тамыр жолының семіруі
Артық салмақ қосудың бұл түрі тұқым қуалауға байланысты, яғни сіздің әкеңіз не анаңызда осындай тоглықсу түрі бар. Аяқ айналасына шоғырланған май салауатты өмір салтын сақтанбаудан тумайды. Мұндай мәселесі бар әйел заты аяғының үнемі ісіп тұруынан қиналады. Бұл әсіресе, жүкті болған кезде оңай болмайды.

Шешімі: Жиі жүгіру, жай жүру және жеделсаты қолданбай, көпқабатты ғимараттарға сатымен көтерілу. Аяққа күнделікті салмақ түсіріңіз.

6. Әрекетсіздіктен толысу.
Бұрын өте белсенді болып, қазір қозғалысы азайған адамдар семірудің осы түріне шалдығады. Мысалы, бұрын үнемі бимен, спортпен шұғылданып, қазір кеңседе не көлікте отыратындар бірден қарны шығады.

Шешімі: Бұл мәселеден құтылу үшін белгілі мерзім ішінде аштық сезімін бастан кешіңіз. Күніне бір не екі рет қана тамақтану жеткілікті. Шынында да. Кешкісін көп тамақтануды доғарасыз. Сіз бәрібір тұрақты түрде жүгірмейсіз. Сондықтан тамақтану тәртібін біраз уақытқа өзгерткен жөн. Жиі-жиі болса да аз-аздан жеңіз. Көкөністі көп, макаронды аз, жемісті көп, тоқашты аз жеңіз.

Дене пішінің қалыпты болуы денсаулыққа зор әсерін тигізеді. Ертең деніңіздің сау болғаны керек болса, бүгіннен бастап жағдай жасаңыз. 

@. @assel_assanova