Мини-суреттері бар маникюр

Мини-суреттері бар маникюр
Фото: studia-lux-tomsk.ru

Осы көктемгі сәннің тағы бір тренді  тырнаққа ықшамды және шағын суреттер салу. Төменде сәнде болу үшін тырнаққа қандай суреттер салуға болатынына идея ұсынамыз. 

Шағын өрнектерді тырнаққа салудың екі әдісі бар: инемен салу және арнайы жапсырмалар қолдану. Егер суретті дұрыс таңдай білсеңіз, екі әдіс те жақсы көрінеді. Суреттердің өте айқын болмағаны жөн. Сәнде жіңішке сызықтар, геометрия, этникалық оюлар және күлкілі сюжеттер орын алды. Өз көңіл-күйіңізге қарай таңдай аласыз.

Көз

Маникюрге шағын етіп көздің суретін салған ерекше әрі сәнді көрінеді. Мұндай маникюр жасауда нәзік түстер таңдауға тырысыңыз. Көзді барлық тырнаққа немесе "аты жоқ саусаққа" ғана салуға болады. 

Теңіз мотиві

Теңіз мотивіндегі суреттері бар маникюрді жаз мезгілінде демалысқа шығарда жасату жақсы көңіл-күй сыйлары анық. Мұндай маникюрге көк және қызыл түсті араластырып қолдансаңыз болады. Жіңішке жолақтар мен геометриялық пішіндер биылғы сәннің басты тренді екенін ұмытпайық. 

Жүрек

Маникюрде жүрек салдырту ешқашан сәннен шықпайды. Егер тырнағыңыз ұзын болса, тырнақ ұшын жүрекпен белгілеуге болады. Егер тырнағыңыз қысқа болса, оған өзіңіз қалаған идеямен шағын жүректер салдыруға болады. 

Үндіс өрнектері

Үндіс өрнегін нәзік бояудың үстіне салған жөн. Мұндай этникалық стильдегі маникюр өте ерекше көрінеді. 

Тәттілер

Тәжірибе жасаудан қорықпайтын аруларға арналған маникюр. Көңіл-күйіңізді көтеретін мұндай маникюр жасауда кез келген ашық түстерді қолдансаңыз болады.

Өсімдіктер

Дизайнерлер шабытты табиғаттан алады. Сұлулық та табиғатпен үндесуі сәнге айналып жатыр. Маникюр жасауда да әдемі өсімдіктер мен гүлдерді бейнелеу сәннен ешқашан кетпейді. Ол аруларымыздың нәзіктігін көрсетіп, киім үлгісін өз ерекшелігімен толықтырады. Мұндай суреттерді салу кезінде ашық әрі нәзік түстерді таңдаған жөн.

А. Жапатова