Метаболизмді жақсартатын 8 қадам

Метаболизмді жақсартатын 8 қадам

Метаболизм – қысқаша айтқанда бұл ағзаның тұтынылған тағамды энергияға, не калорияға айналдыруы. Егер шамадан тыс калория тұтынсаңыз, ол майға айналады. Оны болдырмау үшін не істеу керек? Төмендегі кеңестерге көз тігіңіз.

1. Жаттығулар
Денеміз еш қимылсыз жатқанда да калорияларды кетіреді және бұлшық еттері дамыған адамдарда бұл процесс тезірек жүреді. Әрине, бұл бос уақытыңыздың бәрін спортзалда өткізіңіз деген сөз емес, алайда күш түсіретін жаттығуларды екінің бірі жасай алады деген ойдамыз.

2. Аэробикалық жаттығулар
Аэробика бұлшық еттерді өсірмейді, бірақ жаттығулардан кейін метаболизмнің жылдамдағанын бірден байқайсыз. Жаттығулардың қарқындығынан іш құрылысы жақсы жұмыс істейді. Жалпы жаттығуларыңызға осы аэробиканы қосып қойыңыз және жүгіру мен жай жүру де өте пайдалы.

3. Мұзды шырындар
Суық шырындар метаболизмді жеделдетеді. Күніне 5-6 стақан суық су он калорияға дейін кетіретінін зерттеулер дәлелдеген екен. Әрине, бұл аздау, алайда бір жылда бір килограмды ешқандай диетасыз тастауға болатыны көңілге қонымды.

4. Көк шай
Көк шай – термогендік қасиеті бар тамаша антиоксидант. Оның арқасында дене біраз қызиды да, калория кетіруді жылдамдататын процесс қосылады. Шай құрамындағы кофеин де метаболизмге жақсы әсер етеді.

5. Таңғы ас
Тойымды және пайдалы таңғы ас – жақсы көңіл-күй мен пішіннің кепілі. Ұйқыдан тұрған соң ағзамыз есеңгіреп тұрады, ал егер таңғы ас ішпесек, ми денедегі энергияны үндемдеуге кіріседі, ал бұл өз кезегінде зат алмасу процессін баяулатады. Нәтижесінде біз әдеттегідей өзімізді сергек сезінбейміз және келесі тамақ ішкенде пайдалы заттарын сіңіре алмаймыз.

6. Дәмдеуіштер
Табиғи дәмдеуіштердің химиялық құрамы зат алмасуға өте жақсы көмектеседі. Мысалы, чили қызыл бұрышының бір ас қасығы метаболизмді 23%-ға жылдамдатады. Әрине, ащы тағамды әрдайым жеп тұруға болмайды. Бірақ тамаққа кішкене дәмдеуіш қосып жіберсеңіз ештеңе етпейді.

7. Грейпфрут
Грейпфрут — С дәрумені, фолий қышқылы мен калийге өте бай екені белгілі. Бұл сонымен қатар ағзада май жиналуына және зат алмасуды баяулататын қан құрамындағы инсулиннің азаюына ықпал етеді. Таңғы асқа жарты грейпфруттің өзі ағзаның клеткаларын энергиямен қамтамасыз етеді.

8. Ақуыздар
Майлар мен көмірсуларға қарағанда ақуызды көп тұтынған сайын біздің ағзамыз көбірек калория кетіреді. Әдеттегі рационыңыздағы майлы тағамдарды балық, тауық етімен, бұршақ, тофу және аса майлы емес йогуртпен алмастырыңыз. Уақыт өтпей денеңіз жеңілдеп қалғанын сезінесіз.

Сурет: missmedia.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina