Тырнаққа сурет салатын қылқалам жасау

Тырнаққа сурет салатын қылқалам жасау
Фото: tanyavega.com

Косметикалық дүкендерде тырнаққа сурет салуға арналған қылқаламдардың түрлері көптеп сатылады. Алайда олар қымбат тұрады. Үнемдеуге мүмкіндік болса, қымбат құралдарды алудың қажеті де жоқ. Тырнаққа сурет салуға қызығып, енді үйреніп бастасаңыз, тырнаққа сызықтарды тегіс салуға арналған қылқаламды үй жағдайында жасаудың жолын көрсетеміз. 

Керекті құралдар: 

- тырнақ бояуға арналған лак;

- қайшы;

- құрғақ майлық.

Дайындалу жолы:

Тырнақ бояуға арналған лактың қылқаламындағы лакты құрғақ майлықпен сүртіп тастаңыз. Қылқаламның басы жіңішке болғанша, абайлап қиыңыз. Қылқаламды қайтадан лакқа салыңыз. Содан соң тырнағыңызға өз ойыңыздан сызықтар салу арқылы жаңа үлгі байқап көріңіз.

Сызықтардың жіңішке-жалпақтығы қылқаламды басып жағуға байланысты. Дизайнмен, лак түсімен және құрылымымен тәжірибе жасап көріңіз.

А. Жапатова