Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шашты тез өсіретін маска

Шашты тез өсіретін маска

Шашты тез өсіретін маска

Бұл масканы 1 ай бойы аптасына 1 рет жасау керек. Дұрыс пайдаланған жағдайда шашты 15 см-ге дейін өсіруге мүмкіндік бар.

Масканың жасалуы өте оңай, негізінде қыша (горчица) жатқандықтан, ол бас терісін қыздырып, шаштың түйінінде қан жүгіртеді.

Ол үшін:

  • 2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағын (дәмдеуіштер бөлімінде сатылады) ыстық сумен араластырамыз;
  • 2 үлкен қасық ыстық су;
  • 1 жұмыртқаның сарысы;
  • 2 ас қасық зәйтүн майын (немесе кез келген косметикалық май)
  • 2 шай қасық қант (қант көп қосқан сайын, қыша қыздыра түспек)

Осы қоспаны шаштың арасына, бастың терісіне жағыңыз, шаштардың түбіне тигізбеуге тырысыңыз, әсіресе құрғақ түптерге (тиімді әсер ету үшін шаштың құрғақ түптеріне ысытылған косметикалық май жақсаңыз болады). Басыңызды целлофанмен немесе пакетпен орап, үстінен орамал, не жылы бас киім киіп алыңыз.

15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстау керек. Бәрі сіздің шыдамдылығыңызға байланысты, егер қызғанға шыдасаңыз, 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Ал егер тіптен басыңыз «өртеніп» бара жатса, 15-20 минут ұстаңыз.

Назар аударыңыз! Бірінші рет жаққанда міндетті түрде 15 минут ұстау керек, тіптен шыдамай бара жатсаңыз да. 15 минутта басыңыздың терісіне де, шашыңызға да ештеңе болмайды (көп рет тексерілген), ал кейін үйренген соң жарты сағат, бір сағат отыра алатын боласыз.

Масканы аптасына 1 рет, егер майлы шаш болса көп дегенде 2 рет жасау керек (терінің майлылығын сәл басады).

Масканы жылы сумен жуып, кейін сусабынмен шайыңыз. Жақсы әсер ету үшін кез келген бальзам қолдансаңыз болады немесе шаш өсіруді тездететін дайын бальзамдарды жағыңыз.

Егер шашыңыз тезірек ұзын болсын десеңіз, масканы тым құрығанда 1 ай бойы жасаңыз. Қыша маскасы шашты тез өсіруге ықпал етіп қана қоймай, қатайтып, көлем беріп, қалыңдатады. Сонымен қатар тез майланатын шаштардың мәселесін шешеді, шаш тез кірлемейтін болады. Шаштың құрғақ түбі мен боялған шаштарды міндетті түрде қыздырылған косметикалық маймен майлаңыз немесе арнайы сондай маска сатып алыңыз.

Мұндай масканың әсерінен көптеген таз еркектердің шаштары шығып, қалыңдағаны байқалған. Осы ғажайып масканы сіз де пайдаланып көріңіз.

Сурет: neoglavnom.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

320836 26
Рейтинг: +5

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 16 тамыз 2012, 08:38
Пікірлер
+0
16 тамыз 2012, 14:32

Жақсы кеңес екен. Рахмет. :) Қыша деген не еді?

+0
20 қаңтар 2016, 20:41

Томирис, кыша деген базарда переправа сататын жерлерде болады, кымбат емес,

+0
16 тамыз 2012, 14:53

o мен істеп кормесем ба. нәтижесін коремиз. колем береді дегени унап тур

+0
31 наурыз 2013, 01:23

Ғалия өтірік көлем бермейді керісінше таз болып қаласыз.

+0
16 тамыз 2012, 14:56

Кастровое масломен шаш терінісе жақса шаш тез өседі бұл майды кірпік өсіруге де қолданады

+0
16 тамыз 2012, 17:21

бүгіннен қалмай осы масканы жасаймын!! рахмет!

+0
31 наурыз 2013, 01:24

Жасамаңыз шашынызға өте зиян

+0
27 қыркүйек 2012, 11:13

Жасап жүрмін...) Бірақ қызыл бұрыштан жасалатын маскаға жетпейді.)

+0
30 қыркүйек 2012, 03:14

Қызыл бұрыштан жасалатын маскамен бөліспейсізбе?)

+0
31 наурыз 2013, 01:24

Бөліспеиді

+0
24 наурыз 2015, 23:00

Спиртке тұндырасыз қызыл бұрыштың екі-үшеуін. Тез өсіреді бірақ теріс әсері де бар. Сезімтал бас терісін күйдіреді

+0
01 қазан 2012, 20:29

Ол былай ғой.....200 мл спиртке 2-3 тал қызылбұрышты турап саласыз.....2-3 күнге, одан да көп болады....Содан кейін шыққан тұнбаны шашыңызға жағасыз да, целофанмен орап, орамалмен жауып қоясыз....шамамен 30-40 минут.....қатты ашиды, шаштарыңыз жанып кететіндей әсерде болады....бірақ шыдау керек.....Кейін қайың жапырақтарын бұқтырған сумен шаюға болады.....эффектісі мықты болады....жасап көріңіздер!

+0
31 қаңтар 2013, 22:54

шашымды қалай өсіретінімді білмей жүр едім , таптымау айтеуір, 2 ас қасық зәйтүн майын (немесе кез келген косметикалық май) примерно қандай май ?

+0
31 наурыз 2013, 01:25

бұл нәрсені қайталаманыз менин шашым жок казыр мен такырбаспын маған шаш өспей қалды. Бұны қайталамаңыздар

+0
31 наурыз 2013, 01:22

Өтірік нәрсе бұл мен шашыма 5 рет жасадым қалай жазылған дәл солай жасадым. Бірақ еш нәтиже жоқ. Бұны истеменіздер шаштарыңызға зиян. шаш қалыңдамайды және өспейді керісінше таз болып қалады. Бұл рас.

+0
15 шілде 2013, 16:53

Бекқожа аға мүнкін бір қателік жіберген боларсыз? Мен шашымды тезірек өсуін қалаған едім, менің шашым өте жай өседі, осыдан озатын маска тападым. Сіздің сөзіңізден соң күдіктеніп отырмын....... Абдырадым

+0
31 наурыз 2013, 01:26

Такырбас боласын дар истемендер қайталап

+0
01 сәуір 2013, 21:09

неге? дәлелдеңізші

+0
15 шілде 2013, 16:52

Бекқожа аға мүнкін бір қателік жіберген боларсыз? Мен шашымды тезірек өсуін қалаған едім, менің шашым өте жай өседі, осыдан озатын маска тападым. Сіздің сөзіңізден соң күдіктеніп отырмын....... :?

+0
16 ақпан 2014, 10:26

Бекхожа мырза сизге не болган??сонша шошыныпсыз гой егер рас болса делелдениз!

+0
29 қараша 2014, 23:43

Отинем достар айтыныздарш бул шынымен комектемсеме?)Жасап коргендериниз барма?

+0
15 желтоқсан 2014, 21:18

шынымен комектесе ма жауап кутем

+0
24 наурыз 2015, 22:53

Ма көру кере екен, бірақ қыша деген не?

+0
24 наурыз 2015, 22:58

горчица

+0
25 маусым 2016, 17:00

қыша деген не

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ешкім жауабын таба алмайтын 8 сұрақ
Ешкім жауабын таба алмайтын 8 сұрақ

Неге осы біз бейтанысқа "сіз" деп, жақынымызға жекіп сөйлейміз?

Мен көзбін
Мен көзбін

Мен де көзбін

Бас қатырып көріңіз?!
Бас қатырып көріңіз?!

Логикалық сұрақтар. Шамаңыз жетсе шешіп көріңіз!


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...