Хайлайтер дегеніміз не?

Хайлайтер дегеніміз не?

Соңғы кездері сұлулық тақырыбындағы мақалаларда хайлайтер деген жаңа бояу түрінің аты аталып жүр. Ол не үшін керек деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Аты айтып тұрғандай бұл ағылшын сөзінен шыққан (to highlight – айқындау, ерекшелеу), бет пішінінің рельефтерін түзеп, әжімдерді жасырып, балғындық беру үшін беттің нақты бөлшектерін айқындап, жарқырататын құрылғы. Хайлайтер сұйық, ұнтақ тәріздес, кремтәріздес, тығыз болуы мүмкін. Оның алтын түстес, күміс түстес, қола түстес, тіпті түрлі-түсті түрлері болады. Сонымен қатар формалары стик немесе шашақ, сұйық жылтырақ немесе опа пішіндес болады. Пішініне қарамастан, хайлайтерді көбінесе бет пішінінің нақты бөлшектеріне жағады:

1) көздің астындағы сүйектерге: бұл балғындық сыйлап, көз айналасындағы қара дақтарды тегістейді, бет пішінін ашып, жасартады;
2) қастың үстіндегі шекенің екі қыры: бұл бет пішінін бедерлендіріп, маңдайды ашады;
3) мұрынның екі шетінен: бұл мұрын формасын дұрыстап, мұрын кішкентай болса "пропорцияны теңестіреді", егер мұрын үлкен болса, хайлайтерді кішкентай жаққышпен мұрын қырының ортасына жағады;
4) көздің ішкі жағына: бұл жанарды ашып, бір-біріне жақын орналасқан көздерді кішкене "алшақтатады"; ал егер көздер керісінше алшақ орналасқан болса, хайлайтерді кеңсірікке жағады;
5) қастың астына/үстіне: бұл қастардың формасын айқындатып, көздерді аша түседі;
6) еріннің дәл үстіне: бұл еріндердің пішінін үлкейтіп, бедерлерін айқындайды;
7) астыңғы еріннің контуры бойынша: бұл да еріндердің пішінін үлкейтіп, табиғи макияж кезінде пайдаланады.

Суреттер: fashiondetails.ru, ehow.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina