Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Тіс щеткасының екінші қыры

Тіс щеткасының екінші қыры

Тіс щеткасының екінші қыры

Тіс щеткасы не үшін керек? Жауабы айқын: тіс тазалау үшін. Араларымызда онымен сантехника немесе ыдыс жуатындар да табылады. Біз бұл құрылғыны өте тиімді пайдалануды ұсынамыз. Тіс щеткасын өз міндетінен бөлек әдемілену үшін де пайдалануға болады екен. Қалай дейсіз ғой?

Алдын ала ескертеміз: балама тұрғыда тісіңізді ысып жүрген щетканы қолданбаңыз. Тағы біреуін, немесе екеуін сатып алыңыз.

  • Ерінге арналған скрабтың орнына. Тісіңізді ысып болдыңыз ба? Ерінді де ұмытпаңыз. Щетканың қылдарымен ерініңізді де ақырындап щеткілеңіз. Қабыршақтанған терілерді алып тастаңыз. Нәтижесі бірден байқалады: ерін түсі айқындалып, өзі жұмсарады. Уақытыңыз болса, зәйтүн майынан және қанттан скраб жасап алсаңыз болады. Бұл ерініңізді ылғалдандырады. 
  • Шығып тұратын шаштарды түзеу үшін. Тегістеп өрілген шаштардан әрдайым майда шаштар шығып қалады. Оларды не шаштың арасына тыға алмайсың, не дұрыстап жатқызу да қиынға соғады. Мұндай жағдайда тіс щеткасына кішкене лак немесе гель жағыңыз да самайдан бастап төбеңізге дейін жүріп шығыңыз. Сонымен қатар кекіл жөндеу үшін де таптырмас құрал.
  • Автозагарды кетіру үшінЕгер табиғи күнге күюдің орнына автозагарды таңдасаңыз, дұрыс жасағаныңыз. Өйткені автозагардың зияны ультрафиолеттің жағымсыз әсерімен салыстырылмайды. Бірақ қарайтатын кремдер мен лосьондар алақанға, білекке және дененің басқа жерлеріне сіңіп қалып, кетіруге қиын болады. Осы кезде щетка көмекке келеді. Әсіресе ас содасы мен лимон шырынын араластырып, осы қоспаға щетканы батырып алып, дененің проблемды аймақтарын ысқылауға болады. 
  • Қас тарауға. Қазіргі уақытта қалың, табиғи қастар сәнде. Егер қас тарайтын арнайы щеткаңыз болмаса, осы тіс щеткасын пайдалансаңыз болады. Сонымен қатар қасқа арналған гельді де жағып, тарасаңыз болады. 
  • Креативті маникюр үшін. Лак кеппей тұрып, тырнағыңызды щеткамен ақырын тарсылдатып шығыңыз - қызықты бедер шығары анық. Егер бірнеше түс пайдалансаңыз, тіптен керемет.

  • Шашты түтуге. Шашты көтеру үшін тістері майда тарағыңыз болмаса осы щетканы пайдаланыңыз. 
  • Тырнағыңыздың етін жұмсарту үшін. Қолыңызды жылы суға салып, терісі жібіген соң щеткамен ақырындап тырнақ шетіндегі терілерді итеріңіз. Кейін жан-жағына бальзам не май жағып қойыңыз. Сонымен қатар тырнақтың ішкі жағын тазалау үшін де щетка қолдансаңыз болады. 
  • Тарақты тазалауға. Шашқа арналған құралдарыңызды: тарақ, бигуди, фен және т.б. заттарды щетка жақсы тазартады. 
  • Кірпіктерді тарауға. Қастарыңызды тарап болған соң, кірпіктеріңізді де ұмытпаңыз. Щетканың қылшықтары өте жіңішке болғандықтан кірпіктеріңізді бөліп, жақсы тарап береді.  
  • Шашты бояуға. Егер шашыңыздың түбін бояғыңыз келсе, щетканың көмегіне жүгініңіз. Щетканың кішкентай пішіні бояуды біркелкі, жақсы жағады.

Суреттер: subscribe.ru, woman.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

2447 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 09 тамыз 2012, 14:09
Пікірлер
+0
09 тамыз 2012, 15:19

Мәссаған, міне щетканың пайдасы қайда жатыр!!

+0
09 тамыз 2012, 15:19

үйге барып кірпігімді тарамасам)))

+0
09 тамыз 2012, 15:34

мааааа білмеппін

+0
09 тамыз 2012, 16:26

шаш бояғанда, тіс тазалағанда, алтын тазалағанда қолданамыз. қа :!: лғанында қолдануды ойламаппында. жақсы идея

+0
23 сәуір 2014, 20:55

ойййй билем ғой мынанын бәрін :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...