Скарлет Йохансонның сұлулық туралы кеңестері

Скарлет Йохансонның сұлулық туралы кеңестері

Танымал голливудтық актриса мінсіз сұлулыққа жету үшін қандай әрекеттер жасайды екен?Актрисаның сұлулық жайлы ойлары мен қолданатын тәсілдері жайлы оқи отырыңыз.

"Мен күнде боянамын, тіпті ешқандай шара болмаса да. Көшеде кімді кездестіріп қаларымды білмеймін ғой, сондықтан сұрықсыз көрінгім келмейді. Жай ғана дүкенге барсам да корректор және тушь жағамын. Егер суретке түсіп қаларымды нақты білсем, тоналды крем жағып аламын, алайда күнделікті макияжға бұл зиян екенін білемін.

Тері денсаулығы ағзаның өзіне байланысты болғандықтан табиғи өнімдерді пайдаланамын және суды көп ішемін. Жақында өзіме Manuka бал маскасын аштым. Бетімді булаймын да, бір қасық балды бетіме жағып 10-15 минут ұстап, жуып тастаймын. Терім бірден жұмсарып, қызарғандары кетеді. Маңызды шаралардың алдында әрдайым осы масканы жасаймын. Бұл маскадан кейін макияж өте жақсы жатады.

Қатты шаршап, бетімде қызыл дақтар пайда болғанда лимон шырынын пайдаланамын. Оны сумен араластырып, бетіме жағамын. Маңызды шараларға бес күн қалғанда осы процедураны күнде кешкісін жасаймын. Терім тоналды кремсіз-ақ жарқырап шыға келеді.

Мен – табиғи аққұбамын, сондықтан шашымның түсіне қарамастан өзімді солай сезінемін. Режиссерлердің нұсқаулықтары бойынша небір түстерге боядым, бірақ соңында өзімнің аққұба шаштарыма ораламын. Рөлдерім үшін шаш түсін ауыстырған өзіме ұнайды: түр-пішінің бірден өзгеріп шыға келеді – бұл өте қызық тәжірибе.

Шаштарымды төбеге түйіп жүру ұнайды, өте ыңғайлы әрі тартымды деп есептеймін. Бірақ жастар жиналған кешке баратын болсам, шашымды жайып, толқындай бұйралап қоямын.

Адамдардың назары қолдарың мен тырнақтарыңды тыс қалдырмайды, әсіресе клатч немесе шампан бокалын ұстап жүрсең, қолдарыңды сермеп әңгімелессең. Сонымен қатар басы ашық аяқ-киімдер де тырнақтарыңның күтімін көрсетеді. Мен тырнақтарымды қызылға, алқызыл немесе дене түстес түстермен бояғанды жақсы көремін. Жалпы, бет-пішінге келгенде бәрі мінсіз болуы керек!

Сурет: lady.tsn.ua

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina