Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Фейсбилдинг: бетті қалпына келтіру

Фейсбилдинг: бетті қалпына келтіру

Фейсбилдинг: бетті қалпына келтіру

Бет бұлшық еттерін дене бұлшық еттері сияқты жаттықтыруға болады. Бетке арналған 8 жаттығуды жасау арқылы көтеріңкі бет сүйектер, әдемі, айқын иектерді қалпына келтіріп, мұрын мен ерін айналасындағы қатпарларды жоюға мүмкіндік береді. Балғын, әдемі бет – бұл тек қана жақсы тері емес. Уақыт пен табиғи құбылыстар бетті шашыраңқы етеді: бұлшық еттер босаңсып, жақ солыңқы тарта бастайды, екі иек пайда болады. Бетте қан айналу процесі бұзылып, бұл да бет терісіне әсер етпей қоймайды. Және «солғын беттің» бірінші белгілері 25 жастан біліне бастайды!

Әрине, жақсы таңдалып алынған косметика терінің балғындығын ұзаққа ұстап тұра алады. Алайда бұл бір жақтан ғана, яғни сырттан әсер етеді, ал басты себеп – іште. Фейсбилдинг, бет бұлшық еттерінің жаттығуы, тері мәселесіне іштей әсер етеді. Фейсбилдинг жаттығулары үшін тренажердің де, спорттық киімдердің де қажеті жоқ. Бұл жаттығуларды жас та, кәрі де жасай береді. Күнделікті жаттығулар нәтижесін көп күттіртпейді: бұлшық еттер тартылып, қан айналымы жақсарып, тері жаңарып, жас, әрі балғын көрінеді. Жаттығуларды жасауға дайынсыз ба? Кеттік!

1. Маңдайға арналған жаттығу. Екі қолыңыздың саусақтарын маңдайыңызға қойыңыз. Шынашақтарыңыз қастарыңызда жату керек. Енді саусақтарыңызға тойтарыса отырып, қастарыңызды төмен, жоғары көтеріңіз.

2. Көздерге арналған жаттығу. Көздеріңізді барынша ашыңыз, бақырайтыңыз да, қайта қалпына келтіріңіз.

3. Бет сүйектеріне арналған жаттығу. Саусақтарыңызды езулеріңізге қойып, жымиыңыз. Ауыз, бет бұлшық еттерін құлақтарыңызға шейін тырыстырыңыз. Қайта қалпына келтіріңіз.

4. Ауыз бұлшық еттерінің босаңсуына арналған жаттығу. Еріндеріңізді тістеріңіздің арасына қысыңыз да, ауыз бұрыштарын жоғары көтеріңіз. Біраз ұстап тұрып, жіберіңіз. Бұл еріннің үстіңгі жағында әжімдер пайда болудың алдын алады.

5. Көз айналасында әжім пайда болудың алдын алуға арналған жаттығу. Саусақтарыңызды көздеріңіздің айналасына қойыңыз да астыңғы қабағыңызды қатты қатайтыңыз. Қайта қалпына келтіріңіз.

6. Екі иекке қарсы жаттығу. Жұдырығыңызды түйіп иегіңіздің астына қойыңыз да, жұдырыққа тойтарыса отырып, аузыңызды ашыңыз. Кейін бас бармағыңызбен иегіңіздің астын баса отырып, тіліңізді төмен қаратып, қаттырақ шығаруға тырысыңыз.

7. Мойынға арналған жаттығу. Бар күшіңізбен астыңғы ерініңізді төмен қарата созыңыз, астыңғы тістеріңіз көрінетіндей болсын (бірақ езуіңіз жыйылып тұратын болсын). Егер жаттығуды дұрыс жасасаңыз, мойын бұлшық еттерінің бедерлері көрінуі керек.

8. Бет пішінін қатайтатын жаттығу. Ауызды қаттырақ ашып, астыңғы иегіңізді алдыға шығару арқылы бет пен иекке күш түсіріп, қатайту. Қайта қалпына келтіру.

Осы жаттығуларды аптаның 5 күнінде жасап тұру ләзім. Әрбір жаттығуды 5 реттен 6 секунд жасау керек, біртіндеп қайталау санын 20-ға дейін жеткізіңіз. Жаттығуларды жатар алдында жасаған жақсы, бірақ күннің кез келген мезгілінде жасай берсеңіз де болады.

Сурет: spletnicsa.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

7575 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 06 тамыз 2012, 13:12
Пікірлер
+0
06 тамыз 2012, 15:03

:? түсінбедім

+0
06 тамыз 2012, 15:03

бұл жерге видео қою керек па едииииии :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...