Бойжеткендер өмірінде 4,5 кг далап жейді

Бойжеткендер өмірінде 4,5 кг далап жейді
Фото: Dmitry Lee

Көп қыз ерінін далаппен бояғанды ұнатады. Бірде оны ерін түсін өзгерту үшін қолданса, енді бірде оны еріннің көлемін ұлғайту үшін жағады. Десе де ол әркімнің өз таңдауы. Ал біз далаптар туралы 10 қызықты деректі назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Далаптың құрамындағы ерінді жалтырататын зат балықтың қабыршағынан жасалады.

2. Ежелгі Мысыр бойжеткендері еріндерін қызыл түсті балдырға йод пен улы бром қосып бояған. Осыдан кейін косметикалық қоспа «өлім сүйісі» деген атауға ие болған. Ал әйгілі мысырлық Клеопатра ханшайымның далабы кептірілген қызыл қоңыз бен құмырсқаның жұмыртқасынан жасалған екен.

3. XVIII ғасырда Францияда далаптар ер адамдарға арналып шығарылған. Олар мұрттары мен сақалдарына қарағанда, еріндері үлкенірек көрінуі үшін далап жағатын болған. Ал әйелдерге бұл косметикалық құралды пайдалануға қатаң түрде тыйым салған.

4. Алғашқы заманауи далап 1984 жылы Париждегі Амстердам халықаралық көрмесінде таныстырылған. Ол кезде бұғы мен майсана майын жібек мата мен қағазға ораған екен. Оны күнделікті сөмкеге салып жүру мүмкін емес болған.

5. Далап – әлемдегі ең өтімді косметикалардың бірі. Әлемде әр секунд сайын оның бір данасы сатылады. 

6. Ең қымбат далаптарды By Terrу фирмасы шығарады. Олар әр далапты тапсырыс берген бойжеткеннің қалауынша әзірлейді. Косметиканың ыдысының өзі 300$ тұрады.

7. Софи Лореннің айнасының алдында 300 түрлі далап бар көрінеді.

8. Ерінді құрамында ментолы бар далап ұлғайтады. Жалбыз бен ментолды май еріннің қан айналымын жақсартады.

9. Косметикалық дүкендердің айтуынша, ашық түсті далаптар бұлтты күндері көп сатылатын көрінеді.

10. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бойжеткендер өмірінде 4,5 кг далап жесе, жігіттер 1,5 кг жейді екен.

Қ. Бүйенбай