Арықтауға арналған жапон диетасы

Арықтауға арналған жапон диетасы
Фото: bryansktoday.ru

Диета кезінде белгіленген тағам түрін басқасына ауыстырмауыңыз керек. Қант, алкоголь, нан-тоқаш өнімдері, тұз сияқты ағзадағы суды шығаруға кедергі болатын нәрселерден бас тартыңыз. Күніне шамамен 2 литр, яғни 8 стақан су ішіңіз.

Диетаны бастамай тұрып жапон таяқшаларын сатып алыңыз. Олардың көмегімен сіз әдеттегіден екі есе ұзақ тамақтанасыз. Демек, тағамыңыз да жақсы қорытылады.

Жапон диетасы майлы, калориялы тағамнан тұрмайтындықтан, ағзаңызға Е, С дәрумендері мен кальций, калий, магний жетіспеуі мүмкін. Сондықтан оларды дәрумен түрінде бөлек ішіп тұрған жөн. Диетаны араға жарты жыл салып қайталауға болады.

Диета мәзірі

Бірінші күн

Таңғы ас: 1 стақан қара кофе.
Түскі ас: зәйтүн, өсімдік не күнжіт майымен тұздалған қайнаған қырыққабат салаты, қызанақ шырыны.
Кешкі ас: 200 гр қайнатылған балық.

Екінші күн

Таңғы ас: қайнаған кофе мен қытырлақ нан.
Түскі ас: қайнатылған балық, тұзсыз көкөніс не орамжапырақ салаты.
Кешкі ас: 100-150 гр қайнатылған не буға піскен сиыр еті, 1 стақан айран.

Үшінші күн

Таңғы ас: қайнаған кофе мен қытырлақ нан.
Түскі ас:
кәдіні дөңгелек етіп кесіп, қуырып жеңіз.
Кешкі ас:
2 қайнаған жұмыртқа, зәйтүн майымен тұздалған орамжапырақ салаты.

Төртінші күн

Таңғы ас: қайнаған кофе.
Түскі ас: өсімдік майын қосып, 3 сәбізді қайнатыңыз. 1 шикі жұмыртқа мен 15 гр тұздалмаған қатты сыр.
Кешкі ас: жүзім мен бананнан басқа жеміс-жидек.

Бесінші күн

Таңғы ас: 1 шикі сәбізді ұсақ үккішпен үгітіп, лимон шырынын сеуіп, жеңіз.
Түскі ас: қайнатылған балық пен қызанақ шырыны.
Кешкі ас: жүзім мен бананнан басқа жеміс-жидек.

Алтыншы күн

Таңғы ас: 1 стақан қара кофе.
Түскі ас: қайнатылған жарты тауық (терісін алып тастау керек), орамжапырақ не сәбіз салаты.
Кешкі ас: 200 гр шикі сәбізді үккішпен
 үгітіп алыңыз, өсімдік майымен тұздаңыз. 2 жұмыртқаны қайнатып жеңіз.

Жетінші күн

Таңғы ас: қантсыз көк не шөп шай.
Түскі ас: 200 гр қайнатылған бұзау еті, жеміс-жидек.
Кешкі ас: жоғарыда жазылған кешкі астың (үшінші күннің мәзірінен басқа) бірін таңдауыңызға болады.

Сегізінші күн

Таңғы ас: 1 стақан қара кофе
Түскі ас: қайнатылған жарты тауық (терісін алып тастау керек), орамжапырақ не сәбіз салатына лимон шырынын сеуіп, жеңіз.
Кешкі ас: 200 гр үгітілген шикі сәбізге өсімдік майын сеуіп, тұздаңыз. 2 қайнаған жұмыртқа.

Тоғызыншы күн

Таңғы ас: үгітілген шикі сәбізге өсімдік майын сеуіп, тұздаңыз.
Түскі ас: 250-300 гр
балықты өсімдік майымен қуырып не қайнатып алыңыз. 1 стақан томат шырыны.
Кешкі ас: жүзім мен бананнан басқа жеміс-жидектер.

Оныншы күн

Таңғы ас: 1 стақан қара кофе
Түскі ас: 3 сәбізді зәйтүн майын суға қосып, қайнатып алыңыз. 1 шикі жұрмытқа мен 15 гр тұздалмаған қатты сыр.
Кешкі ас: жеміс-жидек, 1 стақан айран.

Он бірінші күн

Таңғы ас: қайнаған кофе мен қытырлақ нан.
Түскі ас: кәдіні дөңгелек етіп кесіп, қуырып жеңіз.
Кешкі ас:
200 гр қайнатылған сиыр еті, зәйтүн майымен тұздалған қырыққабат салаты.

Он екінші күн

Таңғы ас: қайнаған кофе мен қытырлақ нан.
Түскі ас:
қайнатылған не буға піскен балық, зәйтүн майымен тұздалған көкөніс салаты.
Кешкі ас:
1 стақан айран мен 100 гр қайнатылған бұзау еті.

Он үшінші күн

Таңғы ас: 1 стақан қайнаған кофе.
Түскі ас:
2 қайнатылған жұмыртқа, зәйтүн не зығыр майымен тұздалған қайнатылған қырыққабат салаты мен томат шырыны.
Кешкі ас:
250-300 гр қайнатылған балық.

Осы он үш күндік диетадан кейін шамамен 4-9 келі салмақтан арыласыз.

Ф. Абилова