Денсаулыққа пайдалы 10 тағам #2

Денсаулыққа пайдалы 10 тағам #2
Фото: rudaki.ru

Неміс ғалымдары денсаулыққа пайдалы тағамдардың тізімін жасады. Ол тізімде біз күнделікті тұтынатын тағамдар мен жеміс-жидектер, көкөністер де бар екен. Қайсысының көбірек пайдалы екенін білу арқылы көп аурудың алдын аламыз.

Басы

6. Бұршаққынды қызыл бұрыш. Ащы бұрыш ағзадағы зат алмасу процессін реттеп, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Құрамындағы Капсациннің арқасында дәмі ащы болып көрінеді. Осы Капсацин асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді. Ал сөл өз кезегінде асқазан мен ішектегі бактериялардың көзін жояды. Күнделікті жейтін тағамдардың құрамында тәтті бұрыш пен паприка да болуы керек. Қызыл паприканың құрамында лютеолин мен С дәрумені бар. Лютеолиннің аз мөлшерінің өзі ісікті, жүрек-қан тамырлары ауруын болдырмайды.

7. Соя. Оның құрамындағы В тобындағы дәрумендер ойлау қабілетін жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін ретке келтіреді. Өсінділері де денсаулыққа өте пайдалы.

8. Банандар. Өзіне ұқсас жемістердің ішінде тойымды әрі құрамында көмірсуы өте көп. Құрамындағы заттар қанға қант мөлшерінің аз түсуіне жағдай жасайды. Құрамындағы магний ағзаға қажет магний нормасының 1/6 бөлігін құрайды. Жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, сүйекті қатайтады. Әсіресе спортпен айналысып, физикалық жаттығулар жасайтын адамдар үшін өте пайдалы. Бананның құрамында жүйке жүйесіне пайдалы В6 дәрумені мен калий бар.

9. Көк шай. Құрамындағы катехиннің денсаулыққа пайдасы зор. Ісіктің алдын алады әрі атеросклерозды болдырмайды. Арықтауға көмектеседі. Бар болғаны күніне кем дегенде 4 шыны көк шай ішу қажет. Ал қара шайдың құрамында катехин жоқ. Ол әзірлеу барысында жоқ болып кетеді.

10. Сүтті тағамдар. Сүт негізгі тағамдардың құрамына кіреді. Оның құрамында ақуыз, май және лактоза бар. Кальций де көп. Ол бұлшық ет пен жүйке жүйесінің қызметіне пайдалы. Дәрігерлер күніне 1 стақан сүт ішу арқылы асқазан ісігін алдын алуға болатындығын айтады. Сүтті тағамдардың ішінде йогурттың пайдасы зор. Оны ешнәрсемен алмастыруға болмайды. Тек барынша табиғи болғаны жөн.

Қ. Бүйенбай