Буын ауруын емдейтін қоспа

Буын ауруын емдейтін қоспа
Фото: rudaki.ru

Буыны ауыратын науқастар күз бен көктем мезгілдерінде қатты қиналады. Өйткені күн бұлттанған кезде буындары қақсайды. Кейде қымбат екпелер мен дәрі-дәрмектер көмектеспейтін кездер болады. Ондай кезде қолдан жасалған дәрілердің пайдасы мол. Назарларыңызға үй жағдайында дайылдалған ерекше қоспа ұсынамыз. Ол буынның қақсағанын басады.

Қоспаны жасау үшін картоп бүршіктері мен арақ қажет.

Әзірленуі:

1. Картоп бүршіктерін банкаға саламыз.

2. Үстіне арақ құямыз.

3. Екі аптаға қараңғы жерге қоямыз.

Осы қоспамен буындарды сүртіп, компресс жасаймыз. Компрессті шамамен 2 сағат ұстаймыз. Компрессті аптасына 2 рет, таңертең және кешке жасауыңызға болады.

Қ. Бүйенбай