Тез арықтаудың жолы

Тез арықтаудың жолы
Фото: youtube.com

Тез арықтаудың жолы – су ішу. Су – тәбетті басатын әрі пайдалы әдістің бірі.

Су диетасы ең жеңіл диетаның бірі. Ол тамақтану тәртібінен бас тартуды талап етпейді. Таңертең тамақтануға жарты сағат қалғанда бір стақан су ішіңіз. Күні бойы 3-5 стақан су ішіп жүріңіз. Кешкі астан кейін 2 сағаттан соң су ішіңіз.

Суды молынан іше бастаған соң артық салмақтың азайғанын байқайсыз. Алайда тым көп су ішуге де болмайды. Ол тершеңдік, ісіну мен бұлшықеттердің тез шаршауына әкеліп соғуы мүмкін.

Сонымен қатар судың таза болуына да баса назар аудару керек. Кран астындағы суды ішуге болмайтынын ұмытпағайсыз. Үйге су тазалайтын арнайы фильтр орнатқан жөн. Немесе сенімді компанияның суын алдыртып тұрыңыз.

Ал сіз су диетасын ұстап көрдіңіз бе?

Ф. Абилова