Бетті ылғалдандыратын маскалар - 2

Бетті ылғалдандыратын маскалар - 2
Фото: besmertie.ru

Жаз маусымы аяқталған соң бет терісі құрғақтап, қабыршақтана бастауы мүмкін. Сол себепті назарларыңызға бетті ылғалдандыруға арналған бірнеше маска түрлерін ұсынамыз.

Сүзбе маскасы

2 ас қасық майлы сүзбе мен 1 ас қасық балды араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз.

Шырғанақ маскасы

Дәкені төрт бүктеп, шырғанақ шырынымен сулаңыз. Кішкене сығып, бетіңізді сүртіңіз. Дәкені бетке қойып, 20 минуттан кейін алып тастап, жуыныңыз.

Бетті тазартып, жасартуға арналған сәбіз және сұлы маскасын дайындау жолымен танысыңыз.

Ф. Абилова