Бетті ылғалдандыратын маскалар - 1

Бетті ылғалдандыратын маскалар - 1
Фото: rbc-hercules.ru

Жаз маусымы аяқталған соң бет терісі құрғақтап, қабыршақтана бастауы мүмкін. Сол себепті назарларыңызға бетті ылғалдандыруға арналған бірнеше маска түрлерін ұсынамыз.

Сәбіз маскасы

Жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық кілегей, 1 шай қасық сәбіз шырынын бір тектес қоспа етіп араластырыңыз. Бетке жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска құрғақ бетті тазалап, жасартады.

Сұлы маскасы

2 ас қасық сұлы қауызын сүтке қайнатып, суытыңыз. 1 шай қасық бал қосып, жылы күйінде бетке жағыңыз. 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз.

Ф. Абилова