Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шынтақ күтімі

Шынтақ күтімі

Шынтақ күтімі

Шынтағыңызға көңіл бөлген соңғы кезіңіз есіңізде ме? Ол да тізе сияқты ерекше күтімді қажетсінеді. Күтім көрмеген шынтақ терісі уақыт өте түсін өзгертіп, қатпарланып, қалың бола бастайды. Терең әжімдер пайда болып, шынтақ ұсқынсыз көрінеді. Бұның алдын алыңыз.

Неліктен?

Шынтақ терісінің қатпарлануы бұл жерде май бездерінің өте аз болуымен түсіндіріледі. Оның беткі май қабаты болмайды, сол себебті сыртқы ортнаың әсерінен қорғалмай қалады. Күңгірт болып көрінетін тері шынтақ терісінің қатпарлануының алғашқы белгілерінен.

Жұмыста да, үйде де, басқа жерде болсын, шынтаққа тіреліп отыруды, кітап оқуды, жатуды әдетке айналдырдық. Бұл шынтақ терісіне қосымша зақым тидіріп, онсыз да нәзік терге зиян болады.

Болашақта жеңсіз жейде мен көйлектерді ұялмастан киемін десеңіз, мына кеңестерге құлақ түріп, өз шынтақтарыңызды күтуді ұмытпаңыз.

  • Күнделікті бірнеше рет шынтақ терісіне ылғалдандыратын, қоректік, дәрумендерге бай кремдер мен лосьондар қолдану керек.
  • Лосьон орнына лимон шырынын қолдансаңыз болады. Ол күңгірттеген теріні ағартып, теріні де жұмсартады. Мысалы, жарты лимонмен шынтағыңызды сүртіп, кішігірім массаж жасасаңыз болады.
  • Суға түскенде шынтақты жақсылап езіп, терінің өлі жасушаларынан тазартыңыз. Бұл мақсатта теріге арналған скраб қолданған дұрыс. Бұндай ем-дауалардан кейін шынтақ терісіне өте майлы кремді молынан жағыңыз.
  • Егер шынтақтарыңыздың жағдайы жаман болса, шынтақ терісіне маска жасаған жөн. Зәйтүн, бадам, жүзім сүйектерінің, итмұрын майларын қосып, шынтақтарыңызды молынан майлаңыз. Сыртын жақсылап орап, осылайша бір түнге қалдырыңыз. 
  • Шынтаққа арналған ванна жасасаңыз болады. Қалаған майларды қосып, кішкене жылытып, шынтақтарды салып қойыңыз. Артынан шынтақты пемзамен өңдеп, майлы крем жаққан дұрыс.
  • Су негізіндегі сабынды ванна қатып қалған теріні жібітіп, өлі жасушалардан арылта алады.
  • Ал түрлі шөптер негізіндегі ванналар теріні жұмсартып, жарықшаларды емдей алады.
  • Күнге шықпас бұрын, күн сәулесінен қорғайтын кремді шынтақтарыңызға да жағуды ұмытпаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

5868 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 шілде 2012, 16:30
Пікірлер
+0
25 шілде 2012, 18:42

Шынтақтың жарылып, терісі қарайып, ауыратын болса, демек эндокринді жүйеде бір ақау бар деген сөз. дәрігерге көріну керек.

май жағу, ванна, лосьон бәрі тамаша, тек мұның бәрі балға жетпейді. Кәдімгі балды шағып, дәкелеп қою керек. Екі аптада бір рет лимонды екіге бөліп, шамалы жұмсағын алып тастап, кішкентай "тостағанға" ұқсаған лимонға шынтақтарды салып отырса - шынтақ терісі тез қалпына келеді.

+0
26 шілде 2012, 02:35

тізе, шынта, бет, аяқ, қол, көз, кірпік, қас, сауса.... ох, таусылмайтын, бітпейтін не деген күтімді керек ететіндер? Мен түк жасамайм, жүрмін аман-есен, шүкір :D :D :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...