Он күн ішінде 10 кг салмақтан арылғыңыз келе ме?

Он күн ішінде 10 кг салмақтан арылғыңыз келе ме?
Фото: rudaki.ru

Кейде аз уақыт ішінде артық салмақтан арылуымызға тура келетін жағдайлар болады. Осыған орай, он күн ішінде 10 кг салмақтан арылуға көмектесетін әсері күшті диетаны ұсынуды жөн көрдік.

Артық салмақтан арылу үшін спортпен айналысып, дұрыс тамақтанудан ұтымды тәсіл жоқ. Яғни бұл диетаның ағзаңызды қатты әлсіретіп жіберетінін ескертеміз. Ботқа, нан, тәтті тағамдар, жеміс-жидектер сындыларды жеуге тыйым салады.

Табысқа жеткісі келген адамның жігері де мықты болуы керек. Күнделікті аста көмірсулардың жоқтығы көңіл-күйдің бұзылуына әсер етеді. Қатты ашуланып, айналаңыздағыларға қатты сөздер айтуыңыз мүмкін. Сондықтан мұндай майда-шүйделердің барлығын отбасыңыз бен достарыңызға алдын ала ескертіп қойғаныңыз жөн.

Бұл диета басқа диеталардан калориясы өте төмен тағамдар жейтіндігіңізбен ерекшеленеді. Мұнымен қатар, күніне тек бір тағамды тұтынуға рұқсат береді.

Күнделікті ас мәзіріне майсыз ірімшік (күніне 0,5 кг), айран (күніне 1 л), балық (күніне 1 балық), тауықтың жон еті, сиыр еті (күніне 0,5 кг), жұмыртқа (күніне 5 жұмыртқа) кіреді. Қандай тағам жесеңіз де, тұз салмағаныңыз жөн. Нені, қай уақытта жеу керектігін өзіңіз шешесіз. Бірақ бесінші күні картоп пюресін (күніне 4 асқан картоп), жетінші күні жеміс (0,5 кг жеміс), тоғызыншы күні көкөніс (күніне 2 көкөніс салаты) жегеніңіз жөн. Бұл тағамдардың барлығы бүйрек жұмысын реттеуге көмектеседі. Сондықтан оған бей-жай қарамаңыз.

Диета ұстаған кезде қатты қиналсаңыз, арасында жеміс-жидек компотын ішуіңізге болады. Бірақ қантсыз болғаны дұрыс. Бұл көңіл-күйіңізді аз да болсын көтереді. Мұнымен қатар, үш күнде бір рет бір тілім шоколад жеуге рұқсат етіледі.

Мамандар диетаны ұстаған кезде көңіл-күйіңізді көтеріп, күлдіріп жүретін жандардың жанында жүруге кеңес береді. Бұдан өзге отбасыңыз көзіңізше дәмді тағамдар жеп арбамаса, нұр үстіне нұр болар еді.

Ал сіз қандай диета ұстадыңыз?

Қ. Бүйенбай