Қол күтіміне арналған маскалар

Қол күтіміне арналған маскалар
Фото: salonbeautyspb.ru

Кез-келген қыз-келіншектің қолы нәзік, тартымды болуы керек. Ол үшін мейлінше маска, скрабпен арнайы күтім жасап тұру керек. Сол себепті назарларыңызға 5 түрлі масканың дайындалу жолын ұсынамыз.

Жұмсартатын маска

5 ас қасық сұлы қауызын 2 ас қасық қайнатылған қара шаймен араластырыңыз. Қоспаны қолға жағып, мақтадан жасалған қолғап киіп, бір сағат отырыңыз. Егер мүмкіндік болса, ұйықтар алдында жасап, таңертең шешкен жөн. Нәтижесінде қолыңыз жұмсақ, нәзік болады.

Жасартатын маска

Кішірек үккішке алманы үгіп, 3 шай қасық зәйтүн майы мен қаймақ қосыңыз. Қоспаны қолға жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Әсерін бірден байқайсыз. Айтпақшы, бұл маска бет күтіміне де пайдалы.

Нәрлендіргіш маска

1 шай қасық балды жұмыртқаның сарысымен араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, мақта қолғабын киіп, 20 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Теріні тыныштандыратын маска

4 картопты тазартып, піскенінше қайнатыңыз. Ұсақтап кесіп, 4 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қолыңызды езбеге салып, суығанша ұстаңыз. Бұл маска қолдағы тыртық, жараларды емдеп, құрғаған теріні тыныштандырады.

Тазартушы маска-скраб

2 ас қасық өсімдік майын 4 ас қасық қантпен араластырыңыз. Қоспаны бетке уқалап жағыңыз. Бір қолыңызды үш минут бойы уқалау керек. Қалғанын жылы сумен жуып тастаңыз.

Ескерту: қолыңызда жара, ісіну болса, лимон шырыны бар маскаларды қолданбаған жөн.

Ф. Абилова