Линзамен шомылуға бола ма?

Линзамен шомылуға бола ма?
Фото: acuvue.ru

Көзі нашар көріп, линза тағуға мәжбүр адамдар жазғы демалыста қалай күтім жасау керектігі жайлы білгісі келеді. Назарларыңызға линзаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын ұсынамыз.

Егер мен ультракүлгін сәуледен сақтайтын линза киетін болсам, күннен қорғайтын көзілдірік киюім керек пе?

Күн бөлетін ультракүлгін сәуледен қорғайтын арнайы контакт линзалары болады. Алайда ол тек көздің қарашығын қорғайтындықтан, көздің басқа аумағы ашық қалады. Сол себепті күннен қорғайтын көзілдіріктен бас тартпаған жөн.

Солярийге кіру алдында линзаны шешу міндетті ме?

Бұл қатаң ереже емес. Керісінше, контакт линзасы көзді солярийдің зиянды ультрафиолет сәулелерінен қорғайды. Демек, керісінше, киіп кіргеніңіз жөн. Алайда міндетті түрде солярийге арналған көзілдірікті де кию керек. Ол көзді, қабақты уф-сәулесінен жақсы қорғайды.

Линзамен шомылуға бола ма?

Бассейн, көл, теңізде шомылатын болсаңыз, линзаны шешіп, арнайы көзілдірікпен суға кіргеніңіз жөн. Қазір бассейнге арналған көзілдіріктер диоптриямен сатылады. Демек, линзаны шешсеңіз де, мұндай көзілдірікпен бәрін көре аласыз. Линза үшін бассейн, теңіз, көл суының құрамы зиян болуы мүмкін. Сонымен қатар линзаның көзден шығып, сумен ағып кету қаупі бар.

Ф. Абилова