Жазғы демалыс уақытында шашты қалай күту керек?

Жазғы демалыс уақытында шашты қалай күту керек?
Фото: inpharmamag.it

Шашыңыз күн астында күйіп кетпесін десеңіз алдын ала күтім жасау керек. Демалысқа шығудың алдында химиялық бұйралау, шашты ағарту секілді күйдіретін процедуралар жасамағаныңыз жөн. Себебі олар шашты осал етеді. Содан соң күнге шыққаныңызда шашыңыз күйіп, бұзылады. Мұндай жағдайдан кейін оларды қалыпқа келтіру өте қиын.

Ең алдымен, теңізге бармас бұрын бас киім (панама, орамал, қалпақ, бейсболка) сатып алыңыз. Ол сізді ультрафиолеттен сақтайды. Демалыс кезінде шашты жиі жуатындығымыздан ылғалдандыратын сусабын (SPF фильтрі бар) сатып алыңыз.

Таңертең жағажайға кету алдында шашқа арналған нәрлендіргіш май жағыңыз.

Егер арнайы косметикалық май, маска алып үлгермесеңіз, сусабынға зәйтүн, миндаль немесе ошаған майының бірнеше тамшысын қосып, шашыңызды жуыңыз.

Демалыстан 2 апта өткеннен кейін ғана шашты бояп, бұйралауға болады. Одан бұрын ешқандай процедура жасамаған жөн.

Егер шашыңыз күйген болса, арнайы дәруменмен емдеу жасаңыз. Шаш жуатын сусабынға Е дәруменінің ерітіндісін қосыңыз.

Демалысыңыз сәтті өтсін!

Ф. Абилова