Бетті ағартудың жолдары – 2

Бетті ағартудың жолдары – 2
Фото: pinterest.com

Бетімізге шығатын секпіл, дақтарды кетіріп, теріні ағартуға көмектесетін бірнеше масканың жасалу жолын ұсынамыз:

Басы

Жеміс шырыны

Бетке грейпфрут, киви, апельсин мен құлпынай шырынын жағу пайдалы. Ол теріні ағартып, жұмсақ етеді. Жемістердің құрамындағы С дәрумені бетті нәзік қылады. Сол себепті, жеміс-жидек жеп тұруды да ұмытпаңыз.

Ашытқы маскасы

¼ бума ашытқыны 1 ас қасық лимон мен 1 ас қасық сүтпен бір тұтас қоспа болғанынша араластырыңыз. 10 минутқа жылы жерге қойыңыз. Масканы бетке жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска майлы бетке арналған.

Бүрген шырыны

Бүрген шырынын біраз уақыт мұздатқышқа салып қойыңыз. Күніне үш рет бетіңізді сол мұзбен сүртіп тұрыңыз. Ол бетті ағартып қана қоймай, бөртулерді кетіруге де көмектеседі.

Қырмызы маскасы

Өсімдікті үгітіп, бетке жағып қойыңыз. Жарты сағаттан кейін жуып тастаңыз. Қырмызы беттегі кішігірім жараларды емдеп, терінің түсін біртегіс етеді.

Беттегі дақтарды кетіретін сутек тотығының негізіндегі қоспаларды қолданыңыз. Алайда оларды пайдаланғанда абай болу керек. Сутек тотығы құрғақ, сезімтал теріні зақымдауы мүмкін.

Ф. Абилова