Сұлулық сырлары

Сұлулық сырлары
Фото: Қайыржан Сағындықов

Сұлу болу үшін не істеу керек? Үй жағдайында «спа рәсімін» жасауға бола ма?

1. Күнде аш қарынға 1 шай қасық еріген бал, лимон шырыны мен 1 ас қасық өсімдік майын ішіп тұрыңыз. Нәтижесінде өңіңіз жақсарып, теріңіз жаңарып, тазарады.

2. Құрғатылған дала қырықбуынын шай сияқты қайнатып, күніне 3 рет стақанның ¼ бөлігін ішіп тұрыңыз. Оның көмегімен зат алмасу қызметі жақсарып, ағза тазарады.

3. 1 стақан қайнаған суға 5 гр бал, 3 стақан шырғанақ шырыны, ½ стақан жалбыз қайнатпасын қосып, араластырыңыз. Қоспаны екі сағатқа салқын жерге қойыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда стақанның ¾ бөлігін ішіп отырыңыз.

4. 300 гр кептірілген өрікті, 300 гр тазартылған грек жаңғағын, 300 гр мейіз бен 2 лимонды (қабығымен бірге) еттартқыш арқылы өткізіп алыңыз. Оған 300 гр бал қосып, араластырыңыз. Күніне 1-2 рет ас қасықпен жеп тұру керек. Бұл қоспаны тоңазытқышта сақтаған жөн.

5. Ежелгі гректер тамақтанып болған соң тұзды сорып отырған. Ғалымдар тұздың асқазан сөлін бөлетінін дәлелдеді. Ол өз алдына ескірген жасушалар мен ағзаға қажет емес элементтерді ажыратып, бөледі. Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өткен соң тілдің ұшына шамамен 1 гр органикалық тұзды қойып, бірнеше минут күтіп, бөлінген сілекейді жұту керек.

Ал сіз қандай сырларды білесіз?

Ф. Абилова