Жаздағы бет күтіміне арналған бірер кеңес

Жаздағы бет күтіміне арналған бірер кеңес
Фото: vk.com

Жаз маусымында бетіміз тез майланып кетеді. Сол себепті оны үнемі тазалап тұру керек. Сол себепті назарларыңызға бетті тазалаудың бірнеше әдісін ұсынамыз.

1. Минералды сумен жуыну

Егер бетіңіз тез майланып кететін болса, құрамында тұзы көп суды таңдағаныңыз жөн. Ал бетіңіз құрғақ болса, құрамында минералы аз сумен жуыну керек.

2. Лосьон

Лимон, сіркесу мен камфор спиртінен жасалған лосьон беттегі безеу, бөртуден емдейді. Орташалау лимоннан шырынын сығып алыңыз. Қабығын үгітіп, 2 ас қасық түймедақпен араластырыңыз. Оған қайнаған су құйып, 1-1,5 сағатқа тұндырып қойыңыз. Қоспаны сүзіп алыңыз. Ол суыған соң лимон шырыны, 30 гр сіркесу мен 30 гр камфор спиртін қосыңыз. Күніне бірнеше рет бетіңізді осы лосьонмен сүртіп тұрыңыз.

3. Тоник

Иісмай жағудың алдында бетіңізді тоникпен тазартқаныңыз жөн.

Оны дайындау үшін бізге:

- 50 гр көк шай;
- 50 гр жалбыз;
- 100 гр су;
- 1 шай қасық лимон шырыны;
- 20 мл арақ керек болады.

Көк шай мен жалбызға қайнаған су құйып, тұндырып қоямыз. Суыған соң сүзгіден өткізіп алыңыз. Қоспаға лимон шырыны мен арақты қосып, араластырамыз.

Бұл тоникті тоңазытқышта сақтау керек.

4. Мұзбен сүрту

Минералды суды мұз қатырғыш пішіндерге құйып, қатырыңыз. Таңертең жуынғаннан кейін бетіңізді минералды мұзбен сүртіңіз. Егер бетіңізге безеу, бөртулер шығып кете беретін болса, минералды судың орнына түймедақ қайнатпасын қатырып, пайдалануға болады. Оны дайындау үшін кішкентай кәстрөлге 300 мл минералды су құйып, 3 ас қасық түймедақ қосып, араластырыңыз. Отқа қойып, қайнатыңыз.

Ф. Абилова