Ай қабақ, алтын кірпіктің сыры

Ай қабақ, алтын кірпіктің сыры

Кірпік бояудың сырлары жайлы айтқан болатынбыз. Енді кірпікке арналған сүрмені қолданудағы ерекшеліктермен таныс болып, "ең сұлу көзді ару" атаныңыз.

  • Сүрме жақпас бұрын, кірпігіңіздің артық майлығынан арылту керек. Себебі сүрме майлы кірпікке жаман жатады. Ол үшін көзіңізді құрамында майы жоқ не аз сұйықтықпен сүртіңіз.
  • Сүрме жаққышының пішіні үлкен маңызға ие. Қысқа, қалың, конус пішінді жаққыштарды таңдағаныңыз жөн.
  • Жаққышпен тым көп бояу алуға тырыспаңыз. Бұл кірпіктердің біріне-бірі жабысуына әкеледі. Сапалы сүрмеге таңдау жасасаңыз, ол жаққышқа қажетті мөлшерде бояу түсетінін қамтамасыз етеді.
  • Кірпіктерді ортасынан бояп бастаған дұрыс. Кейін сырт жақ шетін, одан соң ішкі жағын бояған дұрыс.
  • Сүрмені түбінен ұштарына дейін жағыңыз. Бір қабат жаққаннан соң, оның кепкенін күтіп, қажет болса екінші қабат жағыңыз. Сүрмені қалың қылып, бірнеше қабат кірпіктердің сырт жақ шетіне, ұштарына жақын жаққан дұрыс.
  • Сүрмеңіздің қолдану уақытын қадағалап жүріңіз. Бояу ұнтақтала бастағанда, не ішінен жағымсыз иіс шықса, оны қолданбағаныңыз жөн. Жаңа сүрмені ашқаннан кейінгі сақталу мерзімі - 4 ай.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: modobzor.ru

С. А