Секпілден құтылу үшін...

Секпілден құтылу үшін...
Фото: thechive.com

Беттегі, денедегі дақтар, секпілдер – дерматологиялық ауру немесе косметикалық дефект емес. Ол - әдетте терінің тегіс күймеуінен болатын құбылыс. Көбінде секпіл ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. 

Секпілді емдемес бұрын оның алдын алу шараларын қолдану керек. Күн әлі денені қатты қыздырмаған кезде арнайы қорғаушы құралдарды пайдаланған абзал. Күндізгі иісмай немесе макияждың негізгі базасының құрамында SPF-фильтрі 30-дан асатын күннен қорғанысы бар болуы керек. Қара көзілдірік пен бетті күннен қорғап тұратын бас киімдер де секпілдің алдын алады.

Ал оны кетіру үшін ағарту әдістері мен пилингті пайдалануға болады.

Қияр маскасы

Қиярды ұнтақтап, шырынын сығып алыңыз. Дәкені шырынға малып, бетіңізді 15-20 минутқа жауып қойыңыз. Бұл маскадан кейін жуыну міндет емес, бар болғаны бетке арналған иісмай жағуыңызға болады.

Құлпынай маскасы

Шанышқымен бірнеше құлпынайды езіп, шай қасық майлы емес қаймақ не кілегеймен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Одан кейін нәрлендіруші иісмайды жағып қойыңыз.

Сүт

Қышқыл сүтпен жуынып, бетті ағартуға болады. Егер секпіл тым көп болса, жарты стақан қышқыл сүтке 1 шай қасық ақжелкекті үгітіп, сұлы ұнын қосып, қою қоспа дайындаңыз. Қоспаны дәкенің көмегімен бетке жағып, 15-20 минуттан кейін сүртіп тастаңыз.

Ақжелкен шырыны

Сондай-ақ ақжелкен шырыны да секпілден жақсы тазартады. Ақжелкенді ұнтақтап, шырынын дәке арқылы сығып, сүтпен бірдей қатынаста араластырыңыз. Қоспамен бетті күніне екі рет сүртіп тұрыңыз. Қоспаны тоңазытқышта 2 күннен артық сақтауға болмайды.

Глицерин

Глицерин секпілді тез емдеуге көмектеседі. Ол үшін мақта таяқшасын глицеринмен сулап, секпіл бар жерді нүктелеп жағып шығыңыз. Бетіңіз қабыршақтанғанша күнделікті қайталап тұрыңыз. Құрғаған жерлерге ылғалдандырушы иісмай, Е дәруменінің майлы ерітіндісін жағып жүру керек.

Пилинг жасау үшін:

- 2 қасық бал;
- 2 қасық ұнтақталған сұлы қауызы;
- жарты лимон шырыны керек.

Дайындау жолы:

Барлық ингредиентті жақсылап араластырыңыз. Бетке жағып, бірнеше минут уқалап, 7 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң бетті жуып, ылғалдандырушы иісмай жағып, нәрлендіріңіз.

Ұқсас жазбалар:

Майлы теріні күтуге арналған лосьондар

Сұлу болу үшін қандай азық көмекке келеді?

Ф. Абилова