Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Софи Лореннің ақыл-кеңесі. Екінші бөлім

Софи Лореннің ақыл-кеңесі. Екінші бөлім

Софи Лореннің ақыл-кеңесі. Екінші бөлім

Басы

Жүзден аса кинодан ойнаған, өнерімен де, сұлулығымен де әлемді тәнті еткен итальяндық актриса Софи Лорен әр кез өзінің әйелге тән нәзіктігінің құпиясымен бөлісуге асығады. Әйгілі актриса сұлулық туралы бар ойын қағазға түсіріп, 1984 жылы «Әйел және сұлулық» атты кітабын жарыққа шығарды. Назарларыңызға Софи Лореннің сұлулық туралы ақыл-кеңестерін ұсынамыз.

***

Актриса болу да, ана болу да бір. Екі жағдайда да етегіңе сүрініп жүргенің. Мен әрі актрисамын, әрі анамын, сондықтан да дене шынықтыру жайлы еске алу мен үшін екі есе қиынырақ.

Менің дене шынықтыруға пайдаланатын құрамды үш әдісімнің бірлігі – жаяу жүру. Бір миль жаяу жүрсеңіз, соншалық жерді жүгіріп өткендей қуат жұмсайтындығыңызды білесіз бе? Егер сіз гимнастикамен шұғылданбайтын болсаңыз, неге серуендеп көрмеске? Бұл өте қарапайым шаруа. Кез келген жерде, кез келген мерзімде серуендеуге болады. Бұған ешқандай арнаулы құрал-сайманның қажеттігі жоқ, аяққа ыңғайлы аяқ киім болса жетіп жатыр.  Серуендеуге сылтау табу да қиын емес. Үйіңізге бірнеше аялдама қалғанда автобустан түсіп қалып, үйге жаяу барыңыз.

***

Кларк Гейблдің көздеріндегі ұшқынды айтсаңызшы? Кэтрин Хепберннің өжеттігі, Мэрилин Монро сезімталдығы ше? Бұл қасиеттер кез келген адамды өзіне тартады әрі таңқалдырады. Бұлар адамды адам ретінде аша түседі, сиқыр тәрізді өзіне баурап алады. Бұл – тартымдылық.


Тартымдылық дегеніміз әсемдіктің «көрінбейтін» жағы. Тартымдылықтан мүлде ада адамның сұлу болуы мүмкін емес. Бұл қасиет құба дүмбіл әйелдерге қайталанбас сүйкімді қасиет береді. Егер сіз әдемі болсаңыз, көзге түсесіз; егер ақылды болсаңыз, маңайыңызға жұрт үйіріледі; ал тартымды болсаңыз бір көрген адам сізді өмір бақи ұмытпайды.

Мен тартымдылыққа аса мән бермеймін, өйткені менің аңғаруымша, мұны жұрттың көбісі жете бағалай білмейді. Үлде мен бүлдеге орандыңыз, шашыңызды таңдай қағарлық етіп әдемілеп тастаған екенсіз, тамаша боянып та алдыңыз делік, алайда, тартымды қасиетіңіз болмаса, бар болғаны, қуыршақ болып шыға келесіз.

Тартымдылық деген дара қасиет. Мұндай қасиетке ие болу үшін сіз барлық назарыңызды өзіңіздің жақсы қылықтарыңызға аударып, соны жұртқа қалай жеткізу жайын ойластыруыңыз керек. Өзіңіздің осы қасиетіңізді өзгеге танытуға келгенде сіз адал болуға тиістісіз. Сіздің бойыңыздағы адам тартарлық қайталанбас қасиеттердің қандай екендігін тек өзіңіз ғана анықтай аласыз. Мүмкін күлкіңіз болар, бәлкім, иманжүзділігіңіз шығар? Бәлкім, ол ішкі жан дүниеңізден төгіліп тұрған нұр шығар?

***

Маған американдықтардың: «Сабырлық, тек қана сабырлық» деген мәтелі ұнайды. Мен бұнйы мықтап түйіп алдым. Өйткені мен табиғатымнан тым қызуқанды адаммын.  Әу баста киноға енді түсе бастағанда, ең тамаша рөлді берсе екен деп жұлынып тұрған кездерімді көрген жолдасым Карло мені сабырлы болуға шақырды. Ол «Сабырлық, тек қана сабырлық» деген мәтелді «бес минут күте тұр» деген сөздермен алмастыратын. Бұл сөздердің арқасында мен сабырлы болуды үйрендім. Осы қасиет менің өміріме көп өзгеріс алып келді.

***

Егер сіз ішкі жан дүниеңізді сабырлыққа «шақырғыңыз» келсе, мен сізге жалғыздан жалғыз оңаша отырып, ойланудың ләззатын татып үйреніңіз деп кеңес берер едім. Ешкімнің зорлығынсыз өзің таңдап алған оңашалық нағыз ләззаттың өзі емес пе?! Сіздің ойыңызды ешкім бөлмейді, өз уақытыңыз өз еркіңізде. Өзіңіздің жаныңызды мазалап жүрген көптеген мәселелердің басын ашып ала аласыз. Мен өзімнің одақтасым тек қана өзім екенін бұрыннан-ақ білгенмін. Оңаша қалғанымда жаяу жүремін, кітап оқимын, музыка тыңдаймын. Бұл сәтті қайтадан өзімді қалпыма келтіруге пайдаланамын. Кейде мен қолыма шүберек алып, пәтерімді тазалауға кірісемін. Үй тазалаған әйел өз шаруасына беріліп, өзгені ұмытады. Бұл мен үшін үлкен демалыс. Абыр-сабырға толы жұмыс күнінің арасынан жырып алған оңаша бір минуттарыңыз бас айналдырарлық сол табыстардың ішінен өз үніңді естіп, сараптауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: liveinternet.ru, allday.ru

4324 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 06 шілде 2012, 09:54
Пікірлер
+0
06 шілде 2012, 14:36

жаяу жүрудің айтарлықтай пайдасын байқағаным жоқ

+0
06 шілде 2012, 15:28

Қанша жүріп едің? 1-2 рет жүргеннен, әлбетте, еш нәтиже болмайды. Жаяу жүруді күнделікті әдетке айналдыру керек. Жылдың төрт мезгілінде жаяу жүруді тоқтатпаған абзал. Жаяу жүрген қыздардың аяқтары түзу, бөкселері тартымды келеді дегенді естігенмін.

+0
08 тамыз 2012, 20:14

жаяу жургенде аяқ түзу, бөкселері тартымды болады деген рас паааа??? :o

+0
06 шілде 2012, 23:00

өзіме соындай кеңестер қатты ұнайды

+0
08 шілде 2012, 16:02

«Сабырлық, тек қана сабырлық» - аштан өлетін шығармыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...