Жұмыртқадан жасалатын маскалар

Жұмыртқадан жасалатын маскалар
Фото: reporter-tv.net

Жұмыртқа – арзан тұратынына қарамастан, өте құнды өнім. Жұмыртқаның сарысы холестерин, май мен ақуыздан тұрады. Жұмыртқаның ағы тоқсан пайыз су мен он пайыз ақуыздан құралады. 

Лецитин – жұмырқа сарысының құрамындағы терінің бұзылуына қарсы тұратын элемент. Сондай-ақ лецитин жасушаға қоректендіретін заттарды тасымалдайды. Лецитин жұмырқаның сарысында, мида, уылдырықта кездеседі. Оның бет күтіміне пайдасы мынада:

- терінің қорғаныс қабатын қалпына келтіреді;

- терінің қоректену үрдісін күшейтеді;

- терінің бұзылған жерлерін қалпына келтіретін жаңа жасушалар құруға қатысады. 

Жұмыртқадан жасалатын бетке арналған маскаларды ұсынамыз. 

1-маска. Шикі жұмыртқаға 1 ас қасық бал қосып, араластырамыз. Бетке жағып, маска кепкенше күтеміз. Сосын қанжылым сумен бетті жуып тастаймыз.

2-маска. Шикі жұмыртқаға 2 ас қасық өсімдік майы мен 1 ас қасық сүт қосып, оған 1 ас қасық ірімшік салып, бәрін араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, кепкен соң, қанжылым сумен жуамыз. 

3-маска. Шикі жұмыртқаны үгітілген шикі картопқа араластырып (картоп - 2 ас қасық), 15 минуттан кейін қанжылым сумен жуамыз. 

4-маска. Шикі жұмыртқаның сарысына 1 ас қасық айран қосып, 3 минуттан кейін жуу керек.

М. Оңғарова