Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Көктем 2012: Ең сәнді макияж

Көктем 2012: Ең сәнді макияж

Көктем 2012: Ең сәнді макияж

Көктем – қыздардың құлпыратын кезі. Көктемде қыздар өздерін күтуі керек. Қыс әлі бітпесе де, біз көктемде сәнді болатынын макияж үлгілерін білеміз. Біздің кеңестерімізге көз жүгіртіп өтіңіз.

Көктемдік макияж бір уақытта көзге түсерлік және табиғи болуы тиіс. Келесі маусымда бір түсте орындалған макияж сәнде болмақ.  Негізгі түстердің бірі коралл түсі болады, коралл түстес ерінге арналған қызыл далап пен еңлік әр сән сүйгіш қызда болуы керек. Жалпы, беттің түсі табиғи, таза болуы керек. Сондай-ақ, киімнің де батыл, ашық, көзге түсетін түстерден болғаны дұрыс. Бұл көктемде артық кетемін деп қорықпаңыз.

Ережелер:

  • Бірінші қадам. Әдемі тері. Теріңізді жайнату үшін ылғалдандыратын кремді қолданыңыз.  Соның әсерінен теріңіз бір сәтте жұмсақ және мақпал тәріздес болады, сондай-ақ, ол теріңізді макияжға дайындайды.  

  • Екінші қадам. Бетіңіздің тегіс реңі.

Тегіс емес жерлерді жасыру үшін рең беретін крем және консилерді қолданыңыз. Рең беретін кремді көп жақпаған дұрыс, беттің табиғи түрін жоғалтпайық. Консилер – терінің оғаш жерлерін жасыратын корректор. Беттің кішкентай кемшіліктерін, тума біткен дақтарды, кішкене әжімдерді тез  жасыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде әлемнің жетекші косметика өндірушілері консилер құрамына дақтарға ашық рең беретін, безеу мен ұшықтарды кетіріп, жазылуын тездететін витаминдер, антиоксиданттар қосады. Консилерді терінің ақауына қолыңызбен жақсаңыз болады.

Консилердің түсін қалай таңдайды?

Тыртықтар мен терінің қызарған жерлерін жасыру үшін консилерді теріңіздің түсіндей етіп таңдаңыз.

Ұшықтар мен безеулерді жасыру үшін теріңіздің түсінен қоңырқай рең таңдағаныңыз жөн.

Көздің астындағы дақтарды жасыру үшін  теріңіздің түсінен ашығырақ рең таңдаңыз.


  • Үшінші қадам. Еңлік. Жоғарыда атап өткендей, осы көктемде бетке қызыл рең беру, коралл түстес еңлік жағу сәнді болады. Бұл  келбетіңізге ойнақылық қосады.

  • Төртінші қадам. Бетіңіздің әдемі рельефі. Жылтыр бояуды жақтарыңызға,  қастың астына жағыңыз.

  • Бесінші қадам. Қабақ. Қабақтарыңызға табиғи, жылы реңді крем тәріздес бояу жаққаныңыз жөн. Ол макияждың бар екенін көрсетпей-ақ, өңіңізді ашады. Көзге арналған қарындашты қолданып, кірпік бойымен сызық жүргізіңіз. 

  • Алтыншы қадам. Кірпіктер. Көктем макияжында кірпік бояуда ерекшелік жасауға болады. Мысалы, тек төменгі кірпектерді бояуға болады.  

  • Жетінші қадам. Ерін. Ерінге ерекше мән беруіміз керек. Далаптарға қоса, ылғалдандыратын бальзамдар қолдансаңыз, керекті рең аласыз. Бальзам тек түс беріп қана қоймай, ерінге керекті ылғал мен күтім береді.


 

Суреттер Ғаламтордан алынды

7343 11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2012, 11:33

Рас, көктем – қыздардың құлпыратын кезі!!!! Мына әдістен соң қазақ қыздарын мүлдем танымай қалатын шығармыз))))))))

+0
06 қаңтар 2012, 13:24

Әрине!

+0
06 қаңтар 2012, 21:18

боянбайтын қыздарды ұнатам

+0
06 қаңтар 2012, 22:36

сіз ол қызлардың боянатынын білмейтін де шығарсыз

+0
08 қаңтар 2012, 16:30

Көктемдегі құлпыруға дайындалу шараларын өткізе беру керек ау деймін:) Үстіңгі кірпіктерді боямай, тек төменгі кірпіктерін бояу деген жаңалық сияқты! Көру керек екен!

+0
08 қаңтар 2012, 18:57

Иә! Көктем деген жаңару кезеңі! Мен мысалға бүгін барып әдейі косметика алдым. Осы макияж үлгісін істеп көремін!

+0
09 қаңтар 2012, 13:49

Керемет... Мына сән үлгісінен қалмаймын десең, бір күні ештене қалмай қалатын болады. Айтады ғой, киім жайында жылдан жылға кішірейіп барады, бір күні ол жіп болады, сосын үзіледі. Сосын тіпті рахат... : )) (Әрине, қалжын)

+0
09 қаңтар 2012, 13:50

Әдемі болу керек әрине, бірақ шектен шықпаса болганы.

+0
09 қаңтар 2012, 15:59

Ойыңыз дұрыс) Бірақ киімді емес, косметиканы азайтайық))

+0
13 қаңтар 2012, 00:23

кыздар безеуди калай кетируге болат ааа????

+0
27 қаңтар 2012, 11:14

Bezeu problemasy:
1) Bezeudi ketiruge arnalgan arnaiy gel' yaki los'enmen kunine eki ret (tanertengisin, keshkisin) betti juyp turu kerek.
2) Betti ystyq sumen emes, sal jyly sumen juu kerek, sebebi ystyq su mai bezderinin jumysyn odan ari kusheitip jiberedi.
3) Sirinkenin basyna kishkene makta orap, nemese arnaiy koraptagy oralgan maktasy bar shidi salitsil spirtine malyp, kunde bezeulerdi surtip (kuidirip) tursanyz bolady.
4) Mumkindiginshe qatty maily, quyrylgan, tatte tagamdardy jemeuge tyrysynyz. Jane betti kir qolynyzben ustamanyz.
5) Bezeudi syqpanyz, olai etseniz olar odan saiyn kobeiip ketedi. Sonda da shydamai sygyp tastasanyz, sol mezetti mindetti turde spirtpen surtiniz.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...